Президент Тоқаев: Жеңілдік, мұны мойындау керек
Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанда қаңтар оқиғалары барысында неге Интернет өшірілгенін айтты, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Президент «Хабар» телеарнасына берген сұхбатында қаңтардағы оқиғалар барысында Интернетті өшіру мен ақпараттық блокаданың себептерін түсіндірді.
«Ақпараттық тұрғыдан жеңілдік, мұны мойындау керек. Менің бұйрығымды да, әрекеттерімді де ешкім түсіндірмеді. Содан кейін басқару режимінде мына жерде сөйле, осында айт және басқа тапсырма бердім. Ақпараттық тұрғыдан біз жеңілдік, бірақ оған уақыт болмады. Ол кезде біз туралы кім не айтатынын ойланатын кез бе?», — деп түсіндірді Тоқаев.