Тоқаев неге ескертусіз оқ атуға бұйрық бергенін түсіндірді

0 1 132

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Хабар 24» телеарнасының журналисі Вера Захарчукке берген сұхбатында қаңтардың басындағы оқиғалар кезінде тәртіпсіздіктерде неге ескертусіз оқ атуға бұйрық бергенін айтты, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

«Бас десе құлақ деудің қажеті жоқ. «Бейбіт шерушілерге оқ атуға бұйрық берді» деп сөйлеудің қажеті жоқ. Бұл кезде алаңда бейбіт шерушілер болған жоқ. Қарақшылық жасап, бүлік шығарып жатты. Бандиттердің ісінен асқан жауыздық байқалды», — деді Президент.
Сонымен қатар, алгоритм болмағанына келсек, ТЖ жағдайы енгізілгенде басты ұйымдастырушы — ішкі органдар. Ал терроризмге қарсы операция жарияланса, басты ұйымдастырушы ҰҚК болуы керек. Іс тапсырылмай, жиналыстар болып жатқанда бұлай өту қиын болды. Сосын мен «Мырзалар, соғыс болып жатса, сіздер кеңесіп отырсыздар. Мен сіздерге бүлікті басуға барлық жауапкершілікті тапсырамын, жоғары қолбасшы ретінде ғана емес, Ұлттық қауіпсіздік кеңесі төрағасы ретінде бұйрық беремін» дедім», — деп түсіндірді Мемлекет басшысы.

Президенттің сұхбаты «Хабар» және «Хабар 24» телеарналарынан көрсетілді.

Leave A Reply

Your email address will not be published.