Тоқаев шеруге шыққандар туралы: Аяғынан атса сезбеді, есірткіге мас болды

0 2 340

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Хабар 24» телеарнасының журналисі Вера Захарчукке берген сұхбатында қаңтар оқиғасы кезінде шеруге шыққандардың ішінде есірткіге мас болғандар туралы айтып берді, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

«Полицейлердің қолында дубинка болды, олар шу гранаталары, көзден жас ағызатын газбен қаруланды. Біз қару шерушілерге қарсы қолданылмайды деп келдік. Сосын суатқыш машиналар болды. Бірақ бұл машиналарды қолдана алмады. Себебі бандиттер бірден басып алды. Олар полицейлердің шерушілерге қатысты қару қолданбау керек деген нақты нұсқаулығы болғанын білді. Бұл операция дайындықпен болғанын білдіреді. Қару-жарағы болмаған десантшылар қатты зардап шекті. Олардың қолында дубинка мен қалақтар болды. Оларды шешіндіріп, Президент Резиденциясына шабуыл кезінде тірі қалқан ретінде пайдаланды. Бұл бір. Екіншіден, әйелдерді қолданды.
Қазір тергеуден бандиттер есірткі затына мас болғаны анықталып отыр. Ауырсыну сезімі болған жоқ. Қорытынды кезеңте күш органдары күш қолдана бастағанда, аяғынан ата бастағанда құлады, бірақ ауырсынбады. Әдетте жарақат алғандар сезетін ауырсыну болмады. Бұл жоспарланған операция екенін тағы бір мәрте көрсетіп отыр», — деді Президент.

Президенттің сұхбаты «Хабар» және «Хабар 24» телеарналарынан көрсетілді.

Leave A Reply

Your email address will not be published.