Асқазанды тексерістен өткізу кезінде үш адам қайтыс болған: Себебі анықталды
Санкт-Петербургте контрафактілік препаратты қолданған үш адам асқазан тексерісінен кейін қайтыс болған.Тергеу комитетінің аймақтық басқармасы пациенттердің өлім себебін атады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Тергеу мәліметінше №1 қалалық кеңес беру-диагностикалық орталығының бас дәрігері ұзақ уақыт бойы емдеуде жалған препараттарды қолданып келген. Ауруханада контрафактілі химиялық препаратпен емделуден 20-дан астам адам зардап шеккен. Құқық қорғау органдары қазір бұл препараттардың өндірушісін іздестіруде.
Санкт-Петербургте үш науқастың қайтыс болғаны 26 қаңтар күні белгілі болды. Оқиғаға байланысты қылмыстық іс қозғалды.