Лукашенко: Польша Қазақстанда болған тәртіпсіздіктерді ұйымдастырды
Польша жылдар бойы ТМД елдеріндегі радикалды оппозицияға демеушілік жасады, оның ішінде Қазақстандағы оппозицияны ресурстармен қамтамасыз етті. Мұндай айыптауды Беларусь Президенті Александр Лукашенко жасады, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі «БЕЛТА» агенттігінің Telegram арнасына сілтеме жасап.
Саясаткер әртүрлі елдерде, соның ішінде Ресей мен Беларусьтегі тәртіпсіздіктерді ұйымдастырудың артында Варшава тұр деп сендірді.
«Ресейге кірді. Ол түсінікті, себебі бұл ел жау. Десе де, Федерацияны жеңбей, Беларусьті жеңу мүмкін емес. Алайда олар Қазақстанға да кірді! Не керек бұларға?»— деді ол.
Айта кетейік, Мемлекет басшысы Қазақстанда болған толқуларға поляктардың ықпалы туралы ешқандай дәлел келтірмеді.