«Болашақ» бағдарламасы тізіміне Ресей университеттері енді
Білім және ғылым министрлігі «Болашақ» бағдарламасы бойынша мамандарды дайындайтын оқу орындары тізіміне Ресейдің жетекші техникалық университеттері енгізілгенін хабарлады, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
«Енді техникалық бағыттағы мамандарды дайындайтын оқу орындары тізімінде мына ресейлік университеттер бар:
Бауман атындағы Мәскеу мемлекеттік техникалық университеті;
«МИФИ» Ұлттық зерттеу ядролық университеті;
Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университеті;
Санкт-Петербург мемлекеттік университеті және Мәскеу физика-техникалық институты.
Қазіргі уақытта министрлік тізімге «МИФИ» Ұлттық зерттеу техникалық университетін және Ұлттық зерттеу университетін енгізу бойынша жұмыс жүргізіп жатыр», — деді Білім және ғылым министрлігі өкілдері.
Министрлік мәліметінше, тізімге 27 елдің 200-ден астам университеті енген.