Ринат Зайытов: Ақындардың құны төмен малдан да
Ақын Ринат Зайытов досы Ақберен Елгезектің туған күніне арнап өлең оқыды. Айтыскер ақындық пен ақындардың қадірі туралы сөз етті.
Ақын Ринат Зайытов досы Ақберен Елгезектің туған күніне арнап өлең оқыды. Айтыскер ақындық пен ақындардың қадірі туралы сөз етті.
Желі қолданушылары өз пікірін ортаға салды.
“Жүрекпнн айтады ғой, шіркін, Ринат аға аман жүріңіз”, “Өлең жақсы ғой әрине. Бірақ ақындарға өлең, әншілерге ән мен той болса болды. Бірақ, өмір деген поэзия не жиын-той емес”.
“Құрметті ақындар, қазақты жамандауды қойыңыздар. Ринат аға, абыройыңыз осы жерден құлады. Ақшасы жетпесе де бір құлын, ақын көрсе ойланбай ту бие атайтын қазақ. Сіздерді көкке көтеріп жүретінде қазақ. Қазақ білімді, ақылды, сабырлы. Ешкімге де жала жаппайды. Ол өтірік стереотип. Ағайын бауыздамайды, жайдан жай ауру демейді”.
“Ақындардың құны төмен дегені ұнамады”, “Халықты жерден алып жерге салды ғой! Махамбетті өз халқы емес өлтірген! Үстем тап, байпатшалардың қолынан өлді! Арамза хандар орыспен одақ болып, қара халықпен бірге болмады! Сосын, ақындарды қазақтан артық сыйлайтын халық жоқ!”.
“Керемет, өлең. Қазақтың бойында бар көре алмаушылық, аяқтан тарту, ғайбат айту секілді кемшіліктерді айна қатесіз айтты”, – деді желідегілер.