Денис Теннің анасы: Қазақстанда ұлымды аяқтан шалғандар көп болды
Сочи Олимпиадасының қола жүлдегері Денис Теннің анасы Оксана Тенді Ұлттық конькишілер федерациясының вице-президенті қызметінен алып тастау туралы әлеуметтік желіде қызу талқылануда. Өзіне тағылған айыптарға қатысты Оксана Тен баспасөз мәслихатын өткізді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Ұлттық конькишілер федерациясының вице-президенті Оксана Тенді орнынан алып тастау туралы хат әлеуметтік желіде пайда болды. Оған қол қойған жаттықтырушылардың бірі Айгүл Қуанышеваның айтуынша, жақын күндері құжат Спорт және мәдениет министрлігіне және Ұлттық Олимпиада комитетіне жолданады.
“Біздің мақсатымыз — спортты дамыту. Сондықтан біз жаттықтырған оқушылардың нәтижелерін құжаттарға сүйене отырып бағалауымыз керек. Алайда қазір бізден оның бәрін жасырып отыр. Оксана Тен вице-президент болғалы менің де, Кеңестің де өкілеттілігін иемденіп алды. Әрине мұндайдан балалар және бүкіл сала зардап шегеді. Бұл масқара жағдай”, — деді мемлекеттік жаттықтырушы Надежда Перфильева.
Баспасөз мәслихаты барысында ол осы жылдар аралығындағы жұмысына тоқталып, өзіне сын айтып жүргендердің әрекетіне жауап берді. Оның айтуынша, жаттықтырушылардың тағып отырған кінәсі ақылға сыйымсыз.
«Жаттықтырушылардың тағып отырған айыптары орынсыз. Мені жиналыс өткізбеді, осы уақытқа дейін шешімді өзі қабылдайды депті. Ол — өтірік әңгіме. Бірнеше рет жиналыс өтті. Зум арқылы да талай ақылдастық. Барлық өңірлерден жаттықтырушылар ол жиналыстарға қатысты. Мына хаттағы қол қойғандардың өздері де сол жиында болды. Сондықтан не үшін мені қаралап отырғанын білмеймін», — дейді Оксана Тен.
Сондай-ақ хатта Оксана Теннің мемлекеттік жарыстарға, ұлттық құраманың қалыптасуына, халықаралық жарыстарға құрамаларға, гран-при кезеңдеріне, спортшыларға қойылатын біліктілік талаптарына, халықаралық жарыстарға төрешілер құрамына қатысты көптеген мәселелерді жеке-дара шешетінін айтып шағымданған.
«Осының барлығы ҚР бапкерлер кеңесінің шешімінсіз, «спорт туралы» заңды елеместен жасалынады. Федерация вице-президентінің мұндай өкілеттігі жоқ», — делінген деп жазылған хатта.
Ал вице-президент бұл мәселелердің барлығын жеке-дара шеше алмайтынын айтады.
«Маған біздің бапкерлерге қарсы қандай мақалаларда қысым көрсетіліп жатқаны қызық. Авторлар мен хат жазып шағымданғандарға сұрағым бар. Мұндай мақалаларды таппадым. Мен федерацияның вице-президентінің хатта көрсетілген өкілеттіктері жоқ екендігімен толық келісемін. Сонымен қатар, ол барлық осы мәселелер бойынша мәселелерді жалғыз өзі шеше алмайды», – деді федерацияның вице-президенті.
Сонымен қатар Оксана Тен Қазақстанда ұлы Денис Тенге жасалған әділетсіздіктер жайлы да айта кетті.
“Дәл қазіргі болып жатқан жағдай маған бұрыннан таныс. Бұрынғы кездегі оқиғаларды еске салады. Біз сол себептен де Қазақстаннан кеткен едік. Соған шүкіршілік етемін. Біздің жарыстарда өнер көрсетуімізге рұқсат бермеді, чемпионаттарға жібермей қойды. Жіберген күннің өзінде аяғымыздан шалған сәттер көп болды. Себебі, біз жеке клуб мүшесі болғандықтан шеттететін. Екіншіден сол жердегі өнер көрсеткендерден Денистің жақсы секіре білуі еді. Олар Денисті бір жылдан соң Денистің спорт шебері ретінде шығады деп ойлады. Ол кезде Денис 13-ақ жаста еді. Бәрі өздерінің жолы жабылып қалады деп қорықты. Спортшылардың өздері қазір Денис чемпионатқа қатысса бірнеше жыл бірінші орынды ала алмай жүреміз деп айтып отыратын. Сол себепті бізді ешқандай жарысқа жібермей қойды”, – дейді оның анасы.
Осы ретте Денис Теннің анасы астанада республикалық жарыста болған келеңсіз жағдайлар туралы мәлімдеді.
“Республикалық чемпионатта жаттықтырушы мен спортшының келгеніне қуанбағандар болды. Бұл өте қынжылатын жайт. Мені сол кездегі жаттықтырушылардың әрекетіне өте қатты ұялдым. Тіпті Елена Водорезованың өзіне жай ғана амандасуды білмеді. Ақырында Водорезованың өзі батылдық танытып, арқасынан қағып “сәлеметсіз бе” деп амандасты.
Мен сізге сол жылы не болғанын айтайын. Денис әрине, бірінші орынды иеленетіні айдан анық еді. Барлығынан жоғары деңгейде тұратын. Сол кезде министр Күлназаров болған. Барлығы Денистің келгенін, республикалық чемпионатта жеңіске жететінін білді. Алайда жаттықтырушылар бір түннің ішінде жарыстың шартын өзгертіп жіберді. Бір түннің ішінде бағдарламаны өзгертіп, арасына бірнеше секундтар мен элемент қосып, басқа спортшыларға айтып қояды. Бірақ біз бұны әбден шығардың алдындағы жаттығу кезінде білеміз. Барлығына жариялап, сол алты минуттың ішіне сыйғызу керектігін айтады. Мен сол кезде екінші-үшінші орын алмақ түгілі, жай ғана жарыстан шығып қаламыз деп ойладым. Себебі әр секундта жасалатын қимылдарға біз 20 бал алуымыз керек болды. Мен Елана Гернге барып, біз не істейміз, мына түрімізбен біз орын алмаймыз ғой, 10-шы боламыз деп айттым. Тіпті, жарысқа қатыспайтынымызды жеткіздім.
Алайда ол ештеңеге қарамастан қатысатынымызды айтты. Біз жарысқа қатысып, ақыр аяғында орынсыз қалдық. Ары қарай қызық болды. Министрдің көмекшісі хабарласып, Водорезованың кетіп қалмауын сұрады. “Ешқайда кетіп қалмаңдар, қазір министр сыйлықтарымен келеді” деді. Министр келгесін Водорезова оған “Алдағы уақытта ешқандай пайда алып келмейтін жарыстарға бізді шақрмаңыздар. Бізге бұдан маңызды істермен айналысуға мүмкіндік беріңіздер” деп айтып салды. Біз содан бері мүлде республикалық чемпионаттарға бармадық. Себебі министрдің өзі бізді чемпионаттардан босатты”, – деп еске алды Денистің анасы.
Оксана Тен вице-президент қызметін 2019 жылдан бастап атқарады.