Мәди Ахмет халықты кедейліктен құтқаруға кірісті

0 1 769

Мәжілістің ең жас депутаты Мәди Ахмет халықтың жағдайын жақсарту керектігін айтты. Саны бар, сапасы жоқ іс-шараларды тоқтатып нақты жұмыстармен айналысуды ұсынды. Бұл туралы ол Instagram парақшасында жазды, деп хабарлайды Oinet.kz
«Қаңтардағы дүрбелеңнен есімізді жинап болғанша, балалар жылының бірінші айы артта қалмақ. Қалған 11 айда не жасалмақ, жоспар қандай, кім жауапты? Өткен жылы мәдениет министрлігі жариялаған “Балалар әдебиеті” жылы сыңайлы аты бар, заты жоқ болмаса болғаны. Әр жылды бір мәселеге арнағанымыз дұрыс та шығар. Бастысы, сол бағыттағы қордаланған мәселені түбегейлі шешу. Бізде жарияланған жыл аяқтала салысымен мәселеге көңіл бөлу де тоқтайды. Айналып келгенде қол жеткізген өзгерістер ескі сарынға қайта түседі. Мысалы, жастардың проблемасын шешіп, қолдауға бағытталған жастар және волонтерлар жылы жағдайды түбегейлі өзгерте алмады. Тіпті, сол жылдары орындалуға тиіс бастамалардың тең жартысы орта жолда қалды. Бірақ миллиардтаған қаржы еш қиындықсыз игерілді. Жаңа Қазақстанда жүзеге асатын реформалар және балалар жылы аясында қабылданатын шаралар кедейліктің тауқыметін көріп отырған бір миллион баланың және 340 мың көпбалалы отбасының жағдайын жақсартуға бағытталуға тиіс. Саны бар, сапасы жоқ мың шараның орнына қомақты соманы құрайтын ана капиталын енгізу қажет. Адами капиталға көңіл бөлмей, қоғамды жанартып, сананы өзгертеміз деген жай сөз, — деп жазды Мәди Ахмет.

Leave A Reply

Your email address will not be published.