Қазақстанның төрт облысында мұғалімдерге жоғары жалақы тағайындалуы мүмкін

0 1 189

ҚР Білім және ғылым бірінші вице-министрі Шолпан Каринова ведомствоның алқа мәжілісінде Маңғыстау, Атырау, Алматы және Түркістан облыстарына үздік мұғалімдерді тарту бойынша қандай жоспарлар құрылып жатқанын айтты.
Маңғыстау, Атырау, Алматы және Түркістан облыстарында мектеп оқушыларының білім сапасын арттыру мақсатында осы өңірлерге педагогтерді тарту үшін арнайы бағдарлама іске асырылады. Оларға айтарлықтай әлеуметтік қолдау көрсетіледі — жоғары жалақы коэффиценті, баспана жалдау және коммуналдық төлемдер шығындарын өтеу. Бұл шаралар аталған аймақтарда білім беру сапасы бойынша үлкен алшақтықты азайтуға бағытталған.
Оның айтуынша, биыл кемінде 70 мың педагог жаңа білім беру бағдарламалары бойынша біліктілікті арттыру курстарынан өтеді.
Колледждік білімге мемлекеттік тапсырыс көлемі де ұлғайтылады. Биыл 120 мыңнан астам қазақстандық тегін техникалық және кәсіптік білім ала алады, бұл 2021-2022 оқу жылымен салыстырғанда 25 мыңға артық. Сондай-ақ, колледждерге олардың қамқорлығын ұйымдастыру және дуальды оқытуды кеңейту үшін кәсіпорындармен өзара іс-қимылды күшейту жоспарлануда.

Leave A Reply

Your email address will not be published.