Қазақстанның бас мемлекеттік санитар дәрігері қызметінен босатылды

0 245

ҚР Үкіметінің қаулысымен Ерлан Аңсағанұлы Қиясов денсаулық сақтау вице-министрі — бас мемлекеттік санитарлық дәрігер қызметінен босатылды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Премьер-министрдің баспасөз қызметінің хабарлауынша, қызметтен кету туралы өтінішті өзі берген.

Ерлан Қиясов 1973 жылы Алматы облысында дүниеге келген.

Қазақ мемлекеттік медицина университетін, Орталық Азия университетін, Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін, Тұран-Астана университетін тәмамдаған.

Еңбек жолын 1990 жылы «Алматы қаласының жедел медициналық жәрдем ауруханасы» реанимация және қарқынды терапия бөлімшесінің санитары болып бастады.

1997-1999 жылдары — Алматы қаласындағы ҚР әуе көлігіндегі орталық санитарлық-эпидемиологиялық станциясының санитарлық дәрігері, дәрігер-эпидемиологы.

1999 жылдан бастап 2020 жылға дейін ҚР Президенті Іс Басқармасының Медициналық орталығының құрылымында — Санитарлық-эпидемиологиялық станцияда жалпы гигиена бойынша санитарлық дәрігер, жедел бөлім меңгерушісі, санэпидқадағалау басқармасының эпидемиологиялық бөлімінің бастығы, «Санитарлық-эпидемиологиялық сараптама орталығы» РМК директоры, басшының орынбасары болып жұмыс істеді.

2020 жылғы қыркүйекте ҚР денсаулық сақтау вице-министрі – ҚР Бас мемлекеттік санитарлық дәрігері болып тағайындалды.

Leave A Reply

Your email address will not be published.