Вячеслав Ким «Самұрық-Қазына» директорлар кеңесінің құрамынан шығарылды
Вячеслав Константинович Ким «Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ Директорлар Кеңесінің құрамынан шығарылды. Бұл туралы KASE-нің ресми сайты жазды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
«Облигациялары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған «Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ (Нұр-Сұлтан) Директорлар Кеңесінің құрамынан өз бастамасы бойынша Директорлар кеңесінің мүшесі В.К.Ким шығарылғаны туралы Биржаға хабарлады» делінген хабарламада.
Енгізілген өзгерістерге сай, ендігі жерде «Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ Директорлар кеңесі алты адамнан тұрады: Джон Дудас, Онг Бун Хви, Лука Сутера, Саткалиев А.М., Акишев Д.Т., Куантыров А.С.
Бұған дейін «Самұрық-Қазына» қорының 7 топ-менеджері қызметінен кеткен болатын.
Сондай-ақ «Самұрық-Қазына» АҚ Басқармасының 2022 ж. 24-ші қаңтарындағы шешімімен «Самұрық-Қазына Инвест» ЖШС Бас директоры А. К. Сұлтановтың, «Samruk-Kazyna Construction» АҚ басқарма төрағасы Б.А. Сандықбаевтың, «Самұрық-Қазына Контракт» ЖШС бас директоры А.Ж. Ақыловтың, «Самұрық-Қазына Бизнес Сервис» ЖШС бас директоры С.К. Елшібековтың уәкілеттіктері мерзімінен бұрын аяқталып, олармен еңбек қатынастары тоқтатылды.