Алматыдағы «Астана» алаңын «Қонаев алаңы» деп өзгерту ұсынылды
Медиа-менеджер Асқар Қаңтарбаев Алматыдағы «Астана» алаңын қазақстандық көрнекті мемлекет қайраткері Дінмұхамед Қонаев атындағы алаң деп қайта атауды ұсынды.
«Осы жылдар ішінде «Ескі алаң» деп аталатын Астана алаңында отбасыммен серуендеп жүргенде, ойыма бұл жер сүйікті қаламыздың рухы мен атмосферасына сай аталуы керек деген идея бірнеше рет келді. Өздеріңіз білетіндей, ұзақ уақыт бойы Алматыдағы ескі алаңда Қазақстанның Орталық басқару органдары орналасты. Онда Қазақстан Компартиясы Орталық Комитетінің бірінші хатшысы – Дінмұхамед Қонаев жұмыс істеген. Мен «Астана» алаңы оның құрметіне аталуы керек деп санаймын»,– деп жазды ол өзінің Facebook-тегі парақшасында.