Қырғызстанның экс-президенті Назарбаев пен Әбіләзов туралы айтты

0 453

Қырғыз Республикасының бұрынғы президенті Алмазбек Атамбаев Қазақстандағы көтерілістер мен Әбіләзов туралы пікір білдірді, деп хабарлайды orda.kz.

Қырғыз Республикасының экс-президентінің айтуынша, Қазақстандағы халық толқуларын біреу ұйымдастырмаған. Кез келген төңкеріс билік пен халықтың арасындағы теріс қарым-қатынастан туындайды.

– Белгілі қазақстандық оппозиция жетекшісі Мұхтар Әбіләзовпен мен ешқашан кездесіп, сөйлеспегенімді ғана айта аламын. Мүмкін оны біреу адастырған шығар. Жасыратыны жоқ, 2016 жылдың қыркүйегінен кейін Нұрсұлтан Назарбаевпен қарым-қатынасым баяғыдай болмады. Бірақ бұл басқа әңгіме…

 

Қазақстандағы дүрбелеңді сырттан біреу ұйымдастырмағанына сенімдімін. Кез келген елдегі барлық төңкерістер мен көтерілістер әрқашан биліктің халыққа қарсы әрекеттерінің нәтижесінде туындайды. Ал Қазақстанда да мәселе сырттан келген оппозицияның нұсқауында емес, тіпті шетелдік лаңкестерде де емес. Халық толқуларының кейбір себептерін Қазақстан президенті Тоқаев тым дипломатиялық тұрғыдан болса да, өте дәл айтты. Оларды жою үшін шешуші қадамдар жасайды деп сенемін, – деді Атамбаев.

Сондай-ақ, өзінің қазақ немерелері бар екенін айтып, қайғымен бөлісті. Оның айтуынша, билік өкілдері қарапайым халықтың үніне құлақ түруі шарт.

– Әрине, халық толқуына қатысушыларды емес, қарапайым халықты бұған жеткізгендерді жазалау керек. Ал өзімнің мысалыммен айтарым, қашанда жеке мүддесін көздейтін күш құрылымдарына азырақ, еркін баспасөз бен қарапайым халыққа көбірек сену керек. Сонда ҰҚК – Қазақстанның Ұлттық қауіпсіздік комитеті – енді ұлттық қауіпсіздікке қатер төндірмейді. Немерелерім, үлкен ұлдың балалары жартылай қазақ. Ал мұндай туыстар көп қырғыздарда бар. Қазақ даласынан ыңырсыған үн шықса, оның жаңғырығы қырғыз тауларынан естіледі. Бауырларымыз, қазақтар. Сіздерді жақсы көремін! Сіздер үшін алаңдаймыз! Сіздердің қайғыңыз – біздің қайғымыз! Сіздердің қиыншылықтарыңыз біздің мәселеміз! Осы қайғылы күндерде қаза болғандардың отбасыларына және зардап шеккендердің барлығына көңіл айтамыз. Жаратушы жар болсын, – деді Атамбаев.

Leave A Reply

Your email address will not be published.