«Ыңғайлы болуға тырыспаңыздар»: Дана Есеева жас келіндерге кеңесін айтты

0 225

Дана Есеева жаңадан келін болып түскен аруларға кеңесін айтты. Танымал блогер босағадан аттай салысымен, жеке шекараларды белгілеп алу керектігін жеткізді. Айтуынша, жаңа отбасыңның алдында өзіңді бар қалпыңда ұстаған дұрыс, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

«Басқа адам болып көрінуге тырыспау. Барлық жағынан ыңғайлы болуға тырыспау. Кейін басқа адам екеніңізді, өз өміріңізді сүргіңіз келетінін мойындату қиын болады. Мәдениетті және экологиялық түрде жеке шекараңызды бірден белгілеп алыңыз», — деді Есеева.

Бүгінде бес бала тәрбиелеп отырған Есеева болашақта ауылда тұруы мүмкін екенін жасырмайды. Сөзіне қарағанда, жеке қожалықтың иесі болу — күйеуі Мейіржанның байырғы арманы.

«Күйеуіммен жеке мал шаруашылығын құру тақырыбын бұрыннан талқылап келеміз. Бұл — оның арманы. Менің де арманым деп айта алмаймын. Бірақ мен оны қолдаймын. Арасында жайлауда тұратын күндер келеді деп ойлаймын. Таза ауа, тыныштық, қасқырлар… Бұдан асқан керемет бар ма?» — деп күлді Дана.

Leave A Reply

Your email address will not be published.