Мәдина Сәдуақасова күйеуіне тоқал алып беруге қатысты пікір білдірді
Мәдина Сәдуақасова тыңдармандарының көкейінде жүрген сауалдарға жауап берді. Әнші күйеуіне тоқал алып беруге қатысты пікір білдірді. Сондай-ақ, Түркиядан алған пәтерін сатып жібергенін ашық айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
«Танымал жұлдызға айналып, атың аңыз болып қалу үшін жаныңды сайтанға сату керек пе?» Оқырманның бұл сауалына Мәдина:
«Мен аңыз адам емеспін. Бірақ нағыз әртіс болу үшін ешкімге ештеңе сатудың қажеті жоқ. Тек өмірді, музыканы, сахнаны, көрерменді сүю керек», — деп жауап берді.
Әнші күйеуіне тоқал алып беруге қатысты пікір білдірді.
«Сұрақтардың ішіндегі ең жәмән сұрақ. Аулақ, аулақ. Ондай пәле отбасымыздан аулақ болсын», — деп мәлімдеді ол.
Өнер иесі өмірінің соңына дейін күйеуімен бірге болатынын жеткізді.
Сондай-ақ, Сәдуақасова Түркиядан алған үйін сатып жібергенін хабарлады. Әнші Алматыдағы баспанасын да сатылымға шығарған.