«Оператор РОП» басшысы мен Экология экс-вице-министрі ұсталды – Еділов

0 589

Әдеттегідей «кейбір дереккөздерге сүйенген» Еділов Экология, геология және табиғи ресурстар вице-министрі болған Ахметжан Пірімқұлов пен «ӨКМ операторы» басқарма төрағасы ұсталғанын жария етті, деп хабарлайды ulysmedia.kz порталы.

«Кейбір деректерге сәйкес, ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі сыбайлас жемқорлық қылмыстарын жасады деген күдікпен ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар вице-министрі Ахметжан Пірімқұловты және «РОП Оператор» ЖШС басқармасының төрағасын ұстады. Медет Құмарғалиев елден шығып кетпек болған», — деп жазады Еділов телеграм арнасында.

Екеуі де Нұр-Сұлтан қаласының уақытша ұстау изоляторына қамалғаны хабарланып отыр.

Leave A Reply

Your email address will not be published.