Нұрсұлтан Назарбаев «Қазақстан халқына» қорына 500 млн теңге аудартты

0 368

Елбасының тапсырмасы бойынша Нұрсұлтан Назарбаев қоры «Қазақстан халқына» қорына 500 миллион теңге аударатын болды, деп хабарлады turkystan.kz қордың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Бұған дейін «Қазақмыс», KAZ Minerals компанияларының өзі-ақ аталған қорға 25 миллиард теңге аударғанын жазған болатынбыз…

Еске сала кетсек, «Қазақстан халқына» қорына бұған дейін мемлекеттік қызметкерлер мен бюджеттік сала қызметкерлері бір күндік жалақыларын аударған болатын. Алайда Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың өзі ондайға қатаң тыйым салды. Өйткені қорға тек дәулетті кәсіпкерлер ғана ақша аударуы шарт.

Leave A Reply

Your email address will not be published.