Аудандық прокуратура ескертеді!

0 499

Әлеуметтік желі – пәтер ұрылары үшін нағыз ақпарат көзі. Әлеуметтік желілерде азаматтар кейде өздері пәтер ұрлықшыларының назарын аударатын ақпараттар салады, қәзіргі таңда ашық профильдер бар, көп виртуалды достар бар, тіпті оларды шын мәнінде өздері де толық танымайды, шектен тыс көп ақпаратпен бөліседі. Мәселен мынадай ақпараттар жарияланады:
«21-25 наурызда мен отбасыммен демалысқа барамын»;
«31 тамыз күні әйеліммен Түркияға ұшып барамын!»,
«Расында мен теңіздемін!» немесе шетелде және қалада қыдырып жүргені жәйлы онлайн бейнелер мен фотосуреттерді әлеуметтік желіде жариялайды.
Бұл мәліметтер пәтер ұрыларын тұрғын үй белгілі бір уақытта қараусыз қалатыны туралы хабардар етеді.

Ұрыларға алданбау жолдары!

-егер пәтер 1-ші немесе соңғы қабатта орналасса, өрт сөндіру сатыларының немесе су ағатын құбырлардың жанында болса, терезе торларын орнату туралы ойлаңыз;
-терезелер мен балкон есіктерін ашық қалдырмаңыз;
-бір-екі құлыпты немесе метал есік орнатуды ойлаңыз;
-жазда, демалыс кезінде және мереке күндері мұқият болуға тырысыңыз, себебі бұл уақыттар пәтер ұрылары үшін өте тиімді;
-көршілермен жақын араласып, достасыңыз. Сіз ұзақ уақыт үйде болмаған жағдайда, көршілер пәтеріңізге қарап, қандай да бір күдікті шу болса полиция қызметкерлерін шақыруы ықтимал;
-пошта жәшігін жиі тазалап тұрыңыз, егер үйде болмаған жағдайда таныстарыңызды, көршіңізді пошта жәшігін тазалауын сұраңыз;
-перделерді әсіресе кешке жауып жүруге тырысыңыз, өйткені ұрылар бірінші терезелерді жиі қарауылдайды;
-пәтер иелерінің кооперативімен бірлесе отырып, үйдің кіреберісіне консьерж қабылдау, есікке кодтық құлыптар немесе домофондар орнату туралы мәселені шешіп алыңыз;
-кіреберіс пен баспалдақ әрдайым жарық болуын қадағалаңыз;
-қолма-қол ірі ақшаны, бағалы заттарды банкте, сейфте сақтаңыз;
-үй телефонына үнемі қоңырау шалынып, байланыста үнсіз болса, немесе нөмірдің қателескенін айтатын болса, сақ болыңыз! Ұрылар сіздің пәтеріңізде қанша уақыт жоқ екеніңізді анықтау үшін бұл әдісті де пайдаланады;
-кіреберіске, баспалдақ алаңында немесе лифтке видеодомофон мен бейне бақылау камералары орнатылғаны туралы ақпарат ілу де көмектеседі;
-пәтер ұрлығынан қорғанудың ең тиімді тәсілдерінің бірі оны Күзетуге қосу және үй-жайды дабыл сигнализациясымен жабдықтау!!!

А.Абилдаев,
Сарысу ауданының прокуроры

Leave A Reply

Your email address will not be published.