Едәуір салмақ тастаған танымал әнші адам танымастай өзгеріп кетті

0 390

«Диета КЗ» тобының әншісі Жасұлан Базарбаев едәуір салмақ тастап, адам танымастай өзгеріп кетті, деп жазады Stan.kz ақпарат агенттігі.

Фанаттары соңғы кездері әншінің сырт келбетіндегі өзгерісті байқаған. Елден келген толассыз хаттар легін көрсеткен Жасұлан «көп сұраққа бір жауап» ретінде арықтағанға дейінгі және кейінгі суретін көрсетті.

Ол салмақ тастағалы өзін жеңіл сезініп жүргенін айтып өтті. Мұндай нәтижеге жету үшін ешқандай дәрі ішпегенін ескертті.

«Рахат-ай, мен әлі тоқтамаймын. Сосын айтарым, ештеме ішпедім, ешкімнің диетасын ұстамадым. Менің суретімді қойып, дәрі-дәрмек жарнамаласа, сенбеңіздер. Қазір де басты қатырып, ақша ұсынып жатқан кісілер көп. Біреудің арбауына түсіп қалмаңыздар. Қалай салмақ тастағаным туралы кейін пост салам, әзірге сабыр», — деп жазды Жасұлан желідегі парақшасында.

Желідегілер әншінің сымбатты бола түскенін айтып, оны сұрақтың астына алып жатыр.

«Елді уайымдап аздың ғой», «Әп-әдемі екенсің ғой», «Красавчик», «Көзіңіз ашылыпты ғой», «Қанша келі тастадыңыз?» — деп жазды оқырмандар.

Leave A Reply

Your email address will not be published.