Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары Ғалымжан Ниязов ұсталды

0 707

Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары Ғалымжан Ниязов ұсталды. Құқық қорғау органдары әкім орынбасарының ұсталғанын растады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Orda.kz порталына сілтеме жасап.

Бірақ құқық қорғау органдары шенеуніктің не себепті ұсталғанын егжей-тегжейлі хабарламады.

Сондай-ақ Ербол Еділовтің Yedilov Online телеграм-каналында Ғалымжан Ниязовтың лауазымдық өкілеттіктерін асыра пайдаланғаны үшін ұсталғаны туралы айтылды.

“Кейбір ақпарат көздеріне сүйенсек Маңғыстау облысының әкімі Ғалымжан Ниязовқа өкілеттігін теріс пайдалану фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру шарасы жүргізілуде. Соның салдары ауыр зардаптарға әкеп соққаны, яғни Маңғыстау облысында сұйытылған мұнай газы құнының күрт өсуі әлеуметтік шиеленіске, артынан жаппай тәртіпсіздікке, наразылықтарға ұласқаны хабарланды”, – деп жазды Еділов.

Ғалымжан Ниязов 2020 жылдың 26 маусымынан Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары қызметін атқарады.

Leave A Reply

Your email address will not be published.