Сарысуда соңғы тәулікте 130 адам ревакцинацияланды

0 267

Республика бойынша өткен тәулікте 11 340 адам короновирус инфекциясын жұқтырғаны белгілі болды. 24 қаңтардағы жағдай бойынша Жамбыл облысында 202 адамнан КВИ белгілері анықталған.

Ресми мәліметке сүйенсек, Сарысу ауданында соңғы 3 тәулікте 16 адам індет жұқтырған. Бүгінде 19 науқас жұқпалы аурулар бөлімінде ем қабылдауда. Жағдайлары тұрақты.

«Ауырып ем іздегенше, ауырмайтын жол ізде» деген. Короновирусты жеңудің жылғыз жолы – вакцинация екенін әлем ғалымдары бірауыздан мақұлдады. Осы ретте Сарысу ауданында вакцинациялаудың 1-ші компонентін қабылдау көрсеткіші 100,2%-ға (20 819) орындалған. Ал, 2-ші компонентті сәйкесінше 20 575 адам қабылдап (98,9%), қалған вакцина өз кезегімен және уақытымен жоспарлы түрде салынуда. Ол үшін аудан бойынша 6 вакцина егу пункті ұйымдастырылды.

Жалпы ауданда ревакцинациялауға жататын 20 795 адам бар. Ол үшін жыл басынан бері 4 054 «KazVak» вакцинасы ауданға жеткізілді.
Бүгінгі таңда 3 025 адам (жалпы ревакцинациялауға жататындардың 14,5%) екпенің үшінші компонентін қабылдады. Соңғы бір тәуліктің өзінде 130 адам екпе салдырды. Бұл пайызға шаққанда күндік өсім 0,6 пайызды құрап отыр.

Бүгінде Сарысуда «Pfizer» вакцинасын да ерікті түрде қабылдаушылардың қатары артқан. Қазіргі таңда ауданға аталмыш вакцинасының 3 000 дозасы жеткізілген. Бұл екпе түрін қабылдайтын сарысулықтар саны – 4 390. Оның ішінде: жасөспірімдер (12-17 жас) – 3 979, жүкті әйелдер (16-37 апта) – 264, бала күтімімен отырған аналар – 147.

24 қаңтардағы мәлімет бойынша Pfizer-дың 1 951 (44,4%) дозасы салынды. (жасөспірімдер – 1845, жүкті әйелдер — 66, бала күтімімен отырған аналар — 40).

Айта кетейік, еліміздің бас дәрігері халықты вакцинациялау және қайта вакцинациялау жалғасатынын, ол үшін шамамен 6,5 млн доза вакцинаны қосымша сатып алынатындағын айтты.

Сарысу ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі

Leave A Reply

Your email address will not be published.