Сарысу ауданында саяси ахуал тұрақты

0 336

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Мәжілісте жасаған мәлімдемесін халыққа кеңінен насихаттау, сондай-ақ, аймақтағы қоғамдық-саяси ахуалдың тұрақтылығын бақылау мақсатында аудан бойынша әр ауылдық округте 10 ақпараттық топ құрылды.

Ауылдық округ әкімдері бастаған түсіндерме жұмыстарын жүргізетін топ құрамында жергілікті ардагерлер кеңесінің төрағалары, мәслихат депутаттары және білім ошақтарының басшылары бар.

Сондай-ақ, ел Президентінің «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасын басшылыққа алған ақпарттық топ мүшелері ауыл-аймақтың әлеуметтік-экономикалық дамуына қатысты жергілікті тұрғындардың да ұсыныс-пікірлерін тыңдады.

Айта кетейік, түсіндіру жұмыстары барысында жергілікті тұрғындарға төтенше жағдайға байланысты коменданттық сағат талаптарын сақтауды, сондай-ақ, заңсыз сақталған қару-жарақ пен оқ-дәрілерді полицияға ерікті түрде тапсырған адам қылмыстық және әкімшілік жауапкершілікке тартылмайтындығы ескертілді.

Сарысу ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі

Leave A Reply

Your email address will not be published.