Құқықтық кадастрдан мәліметтер беру

0 353

Қазақстан Республикасының «Жылжымайтын мүлікке құқықтарды тіркеу туралы» Заңына сәйкес, құқықтық кадастр дегеніміз ол — жылжымайтын мүлікке тіркелген құқықтардың (құқықтық ауыртпалықтардың) бірыңғай мемлекеттік тізілімі болып табылады.

Құқық иеленушіні сәйкестендіретін деректерді (жеке тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты (егер ол жеке басты куәландыратын құжатта көрсетілсе) және туған күні) қоспағанда, жеке тұлғалар туралы ақпаратты ашатын мәліметтерді (дербес деректерді) ұсынуға болмайды.

Құқықтық кадастрдың тіркеу ісінде жатқан құжаттардың көшірмелері сот, құқық қорғау органдарының және басқа да мемлекеттік органдардың Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген құзыреттеріне сәйкес, оңалту және банкроттық рәсімдерін жүргізу шеңберінде уақытша, банкроттықты және оңалтуды басқарушылардың, мәжбүрлеп таратылатын заңды тұлғаның тарату комиссиясының (таратушының), сондай-ақ жеке сот орындаушысының немесе аумақтық бөлімнің мөрімен расталған атқарушылық құжаттың көшірмесі қоса беріле отырып, өздерінің іс жүргізуіндегі атқарушылық іс жүргізу істері бойынша Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген құзыреті шегінде сот орындаушыларының уәжді сауалдары бойынша ұсынылады. Өзге тұлғаларға көрсетілген ақпарат құқық иесінің жазбаша келісімімен беріледі.

Жылжымайтын мүліктің нақты объектісі бойынша ақпарат және жеке немесе заңды тұлғаның тіркеуші орган куәландырған, өзіндегі жылжымайтын мүлік объектілеріне құқықтары (құқықтар ауыртпалықтары) туралы жинақталған деректер құқық иесінің (уәкілетті өкілдің) сауалдары бойынша және:

1) адвокаттардың;

2) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген құзыреттеріне сәйкес жүргізуінде жатқан қылмыстық, азаматтық, әкімшілік істер бойынша құқық қорғау, сот органдарының;

3) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген құзыреттеріне сәйкес жүргізуінде жатқан атқарушылық құжаттар бойынша сот орындаушыларының;

4) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген құзыреттеріне сәйкес мемлекеттік кіріс органдарының және басқа да мемлекеттік органдардың;

5) нотариустардың, мұрагерлердің;

6) оңалту және банкроттық рәсімдері шеңберінде уақытша, банкроттықты және оңалтуды басқарушылардың, мәжбүрлеп таратылатын заңды тұлғаның тарату комиссиясының (таратушының);

7) қорғаншылық және қамқоршылық органдарының;

8) егер осы баптың 3-1 және 3-2-тармақтарында өзгеше көзделмесе, құқық иесінің жазбаша келісімімен өзге де тұлғалардың уәжді сауалдары бойынша беріледі.

Құқықтық кадастрдан жылжымайтын мүлікке тіркелген құқық ауыртпалығы туралы ақпарат жеке және заңды тұлғалардың сұрау салуы бойынша беріледі.

Құқықтық кадастрдан жылжымайтын мүлікке заңды тұлғалардың тіркелген құқықтары (құқықтар ауыртпалықтары) және тіркелген ауыртпалықтар, жылжымайтын мүлік объектісіне заңдық талаптар туралы ақпарат кез келген тұлғаға сұрау салу негізінде беріледі.

Үшінші абзацта көрсетілген тұлғалар Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен, жылжымайтын мүліктің нақты объектісі бойынша ақпаратты және жеке немесе заңды тұлғаның өзіндегі жылжымайтын мүлік объектілеріне құқықтары (құқықтар ауыртпалықтары) туралы жинақталған деректерді құқықтық кадастрдың ақпараттық жүйесімен интеграциялау арқылы не «электрондық үкімет» веб-порталынан алуға құқылы.

Құқықтық кадастрдың тіркеу ісіндегі құжаттардың көшірмелерін тіркеуші орган ақпарат алуға сұрау салу берілген күннен бастап үш жұмыс күнінен кешіктірмей беруге тиіс.

Құқықтық кадастрдан ақпарат беру тәртібін уәкілетті орган айқындайды.

Г. Науанова, 

«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕ АҚ –ның

Жамбыл облысы бойынша филиалының Жамбыл аудандық тіркеу және

жер кадастры бөлімінің бас маман-тіркеушісі

Leave A Reply

Your email address will not be published.