Жамбыл облысында алкоголь өнімін заңсыз әкелу жолы кесілді

0 198

Жасанды (контрафактілік) өнімдер мен көлеңкелі сауда айналымы әлем мемлекеттерінің басты мәселесі.
Контрафактілік тауарлардың көлемі жылдан жылға артып келеді.
Қаржы мониторингі агенттігі жасанды (контрафактілік) алкоголь өнімдерінің, сонымен қатар контрафактілік өнімдердің кіру және шығу жолдарын кесу бойынша жұмыс атқарады.
Агенттіктің аумақтық Жамбыл облысы бойынша департаментінің қызметкерлерімен Қордай ауданы Қордай ауылынан шығу кезінде «RENAULT MAGNUM» маркалы автокөлік құралы ұсталып, оның шанағын тексеру барысында Қырғыз Республикасының есепке алу-бақылау маркасымен Қырғыз Республикасының өнімі тауарларға арналған ілеспе жүкқұжатынсыз табылды.
Аталған дерегі бойынша кінәлі тұлға сотпен 240 сағатқа қоғамдық жұмысқа тартылды.
«ӨӨРӨН» атауымен 6360 шөлмектегі жасанды арақ алкоголь өнімі жойылды.
Құметті азамат, егер Сізге қаржы және экономика саласындағы қандай бір құқық бұзушылықтар мәлім болған жағдайында Жамбыл облысы бойынша экономикалық тергеп-тексеру департаментінің 8(7262)34-75-38, 8(7262)34-76-26 сенім телефондары арқылы хабарлауыңызды сұраймыз.

Жамбыл облысы бойынша экономикалық тергеп-тексеру департаменті

Leave A Reply

Your email address will not be published.