«Дін және қоғам»

0 174

2021 жылдың 6-8 қазан аралығында Байзақ ауданы Дихан, Ынтымақ, Көптерек ауылдық округтері тұрғындарының діни сауаттылығын арттыру және нығайтуға мақсатында дінтанушы, магистр, «Һибатулла-Тарази» орталық мешітінің имамы Аманбаев Ержан кездесу өткізді. Іс-шара барысында теолог Е.Аманбаев еліміздегі барлық этностар өздерінің ұлттық тілі мен әдет-ғұрпын, салт-дәстүрін, мәдениетін дамытуға барынша жағдай жасалғандығын, ҚР «Діни қызмет діни бірлестіктер туралы» заңы, халықтардың мәдени құндылықтары мен дәстүрлерін құрметтеу, ауызбіршілік, жат ағымдардың алдын алу, қоғамда берік орнатылған конфессияаралық диалог пен өзара түсіністік экстремизм мен терроризммен күресуге үлкен мүмкіндік беретіндігі турасында ақпарат берді. Кездесулер Байзақ ауданы әкімдігінің ішкі саясат бөлімінің тапсырысы аясында ұйымдастырылуда.

Leave A Reply

Your email address will not be published.