«Спутник V» вакцинасын егу науқаны жүргізіліп жатыр

0 394

Аудандық ауруханада жалпы білім беретін орта мектептердің педагогтары мен аурухана қызметкерлеріне коронавирус инфекциясына қарсы «Спутник V» вакцинасын егу науқаны жүргізіліп жатыр.
Вакцина қабылдар алдында олар дәрігердің тексерілуінен өтіп, қарсы көрсетілімдері болмаған соң, алғашқы егуді алды. Дәрігердің бақылауында 30 минуттай болған екпе алған адамдар екпеден кейін физикалық арақашықтық талаптарын сақтай отырып, арнайы бөлінген бөлек, жақсы желдетілген бөлмеде 30 минут бойына медициналық бақылауда болады. Бұл ретте КВИ-ға қарсы екпе алған адамдарға «КВИ-ға қарсы вакцинациялау жүргізілген. Медициналық бақылау уақыты 30 минут!» деген белгісі бар арнайы таңбалау бейджі, сондай-ақ КВИ-ға қарсы вакцинациялау туралы жадынамалар мен ақпараттық материалдар беріледі.Иммундау жүргізілер алдында әрбір егілушіге КВИ-ге қарсы екпе туралы хабарланады, профилактикалық екпе, иммундалғаннан кейінгі ықтимал реакциялар мен қолайсыз көріністер, екпеден бас тартудың салдарлары туралы толық және шынайы ақпарат ұсынылады.Екпеден кейінгі кезеңдегі медициналық бақылау екпе алғаннан кейінгі алғашқы 30 минутта және үш күннің ішінде жүргізіледі. Екпеден кейінгі кезеңде белсенді бақылау барысында кез келген қолайсыз сезіну фактісі анықталғанда немесе медициналық көмекке жүгінгенде иммундаудан кейінгі қолайсыз көріністердің барлық жағдайлары туралы мәліметтерді дәрігер немесе фельдшер медициналық құжаттамаға енгізеді.

Leave A Reply

Your email address will not be published.