Маңғыстау облысында бес әскери қызметкер жарақат алды
Маңғыстау облысында оқу-жаттығу полигонын жоспарлы тазалау кезінде бес әскери қызметкер жарақаттанды. Бұл туралы қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі мәлімдеді.
Оқиға 27 қазанда болған.
«Маңғыстау облысындағы оқу-жаттығу полигонын жоспарлы тазалау барысында бес әскери қызметкер жарақат алды. Оларға қажетті медициналық көмек көрсетілді. Дәрігерлер әскери қызметкерлердің жағдайын қанағаттанарлық деп бағалауда», — делінген хабарламада.
Бұл факті бойынша тексеріс басталды.