Инвесторлардың қаржысы да, тәжірибесі де пайдалы

0 163

Инвестор деген біреудің идеясы арқылы табыс табатын қалтасында қаржысы бар адам. Оларды демеуші ретінде танып, инвесторлар бізге жаны ашып, жарылқайын деп жүр деген түсінік қате. Сол үшін инвесторлармен келіссөз жүргізгенде алдымен мемлекетке, жерге, өзіңе зиян келмейтіндей әрі соның қаржысын пайдалану арқылы табысқа жетуді жағын ойлау керек. Облыс әкімі Бердібек Сапарбаев Түркия Республикасынан келген инвесторларды қабылдағанда осы мәселені жете түсіндік. Жиын барысында облыс әкімі кез келген инвесторға жер берілмейтінін, олар белгілі бір шаруашылыққа тіркеліп, соның жеріне инвестор ретінде қаржы құюы керектігін баса айтқан еді.

Жалы түрік ағайындармен болған кездесуде Б.Сапарбаев көкөніс, жеміс-жидек, бау-бақша дақылдарын егу және кептіру, сұлы, күнбағыс іспетті майлы дақылдар мен мен өзге де сұлы, жүгері, қызылша іспетті дәнді және техникалық дақылдар егу, өңдеу, баламалы энергия көзін өндіру мақсатындағы жобалар бізге қажет екенін, инвесторларға сол үшін қолдау көрсетілетін тілге тиек етті.

– Біз сіздердің жұмыстарыңызбен таныспыз. Облысымыз көкөніс, бау-бақша егуге қолайлы өңір. Осы өңірдің табиғаты, құнарлы топырағы мол өнім алуда жерге қаратпайды. Ең бастысы кұлпынай, малина, алма өсіру, оны өңдеу, кептіру секілді ұсыныстарыңыз біздің тарапымыздан қолдау тауып отыр. Әсіресе сіздердің салаға жаңа технологияларды енгізу, оның ішінде тамшылатып суару технологиясын қолданудағы тәжірибелеріңіз артықшылығы мол, – деді Бердібек Сапарбаев.

Жиында сөз алған Чорум муниципалитетінің басшысы, Искилип, яғни қала мэрі Әли Сүлік негізінен ауыл шаруашылығының инженер маманы екенін, өз елінде кезінде ауыл шаруашылығы саласында басшысы болып жұмыс істегенін атап өтті.

– Түркияда құлпынай өсіру бойынша маңызды жобаларды іске асырып, нәтижесінде құлпынай сол өңірдің маңызды өніміне айналды, кейінірек жергілікті сайлауда мэр болып сайландым. Қазір 3 жылдан бері Қазақстанда ауыл шаруашылығы тауарларын өніру, өңдеу ісімен айналысып жүрмін. Тараз қаласында алдағы уақытта құлпынай, қант қызылшасы, жүгері және күнбағыс өсіріп және малина, көкжидек секілді басқа да дақылдар егуді жоспарлап отырмын. «Тараз» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» акционерлік қоғамы арқылы осы істі қолғалу басталды. Бір өтініш, қажетті қағаздар бойынша жұмыс істеуде шаруаны шешу бюракратиялық жолға салынбаса екен, – деді ол.

Бұдан кейін «Баш Авлу Тарым» шаруа қожалық басшысы Йылмаз Бас, «Çağlayan Plast» компаниясының негізін қалаушы Мухаррем Чорумлу, «Entegre Grup Sti» компаниясының негізін қалаушы Юнус Назырлы, «Еntegre Solar Enerji AS» компаниясының басшысы Дурду Япрак сөз алып өңірде қандай бағытта жұмыс істегісі келетінін, нендей салаға қаржы құюға ниетті екенін жеткізді.

Жиын соңында сөз алған аймақ басшысы тиісті басқарма басшылары мен жауаптыларға инвесторлармен бірігіп жұмыс жасау жөнінде нақты тапсырмалар беріп, инвесторлармен бірігіп жұмыс істеуге дайын екенін білдірді.

Leave A Reply

Your email address will not be published.