Бар ақпатарқа геопартал арқылы қанығатын күн жақын
Тараз қаласы әкімдігінің сәулет және қала құрылысы бөлімі мен облыс әкімдігінің сәулет және қала құрылысы басқармасынан «Тараз қаласының геопорталы» және «Өңірлік геоақпараттық жүйесі» облыс әкімдігінің цифрлық технологиялар басқармасына берілгені белгілі. Қазіргі таңда ақпараттық қауіпсіздік саласында техникалық тапсырма мен 74 құжатты дайындау ісі жүргізіліп жатқанға ұқсайды. Бүгінде сынақтар шеңберінде ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету процестерін зерттеу барысында зерделеуге жататын ұйымдастырушылық-өкімдік және техникалық құжаттарды жиналып жатыр. Сонымен қатар өтінімді геопортал арқылы беру бойынша консультациялық қызметтерді беру мақсатында «Жобалық басқару және цифрландыру орталығы» жанынан өңірлік геоақпараттық жүйені дамыту бөлімі құрылыпты. Халықты ақпараттандыру мақсатында халыққа қызмет көрсету орталықтарында геопортал туралы бейне-роликтерді көрсету, жаңартылған баннерлер орнату, сондай-ақ мәліметтерді геопортал арқылы алу үшін халықты «Бизнеске арналған үкімет» фронт-офисіне жіберу мүмкіндігі «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» Коммерциялық емес акционерлік қоғамының облыс бойынша филиалы арқылы жүзеге асырылыпты.
– Геопорталды одан әрі дамыту үшін «КАЗГИСА» жауапкершілігі шектеулі серіктестігімен бірлесе жұмыс жүргізудеміз. Қазір мемлекеттік қызметтер тізіліміне қала және облыс бойынша қосымша 7 мемлекеттік қызметті енгізу мүмкіндігі қарастырылуда.
Сонымен қатар геопорталда ашық карта бар, ол өңірдің әлеуметтік сала объектілері бейнеленген егжей-тегжейлі карта арқылы халықтың хабардарлығын арттыру үшін қызмет етеді. Онда құрылыс, сәулет, жер инспекциясы, денсаулық сақтау, білім беру, спорт, табиғат пайдалану, көгалдандыру, автомобиль жолдары, жолаушылар көлігі, интернет және мобильді операторлар провайдерлері, игерілмеген жер учаскелері, бос жер учаскелері, жер сауда-саттығы, еркін жер учаскелеріне қосылу нүктелері сияқты 22 автоматтандырылған жұмыс орны әзірленді.
Алайда, инженерлік желілер бойынша деректер халыққа қолжетімсіз. Қазіргі уақытта инженерлік желілерді цифрландыру жұмыстары әлі аяқталған жоқ. Себебі Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің «Республикалық мемлекеттік қала құрылысын жоспарлау және кадастр орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны тарапынан инженерлік жүйелерді цифрландыру бойынша жұмыс жүргізу күтілуде, – дейді облыс әкімдігі цифрлық технологиялар басқармасының басшысы Архат Байқазақов.