Жер – елдің байлығы
Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев «Халық бірлігі және жүйелі реформалар – ел өркендеуінің берік негізі» Жолдауында: «Сапалы геологиялық ақпараттың инвесторларға қолжетімділігін арттыру қажет. Осыған орай түрлі ведомстволарға бағынатын бытыраңқы мекемелердің негізінде тиімді Ұлттық геология қызметін құру керек. Бұл орган жер қойнауын кімге және қалай беруді шешетін монополистке айналмауға тиіс. Оның міндеті – инвесторларға кешенді қызмет көрсетіп, қолдау білдіру. Жер қойнауын пайдалану саласына, әсіресе геологиялық барлау және жер қойнауын кешенді зерттеу ісіне тың серпін қажет», деген Қасым-Жомарт Кемелұлы Үкімет пен жергілікті атқарушы органға нақты міндеттер жүктелді.
Жолдау жүктеген міндеттер аясында бүгінгі таңда Жамбыл облысында бірқатар маңызды шаралар қолға алынды. Жалпы Жамбыл облысындағы мемлекеттік орман қорының жалпы көлемі 4,4 миллионгектар (30,8 пайыз), оның орман ағаштары көмкерген жерлері 2,4 миллион гектар (15,47 пайыз). Жыл сайын мемлекеттік орман қоры аумағындағы 5000 гектар жуық жерге орман ағаштары көшеттен және тұқымынан егілді. Мемлекет басшысының Жолдауына сәйкес Жамбыл облысының орман қоры жеріне 140 миллионтүп ағаш отырғызылады (республика бойынша 2 миллиард). Ағымдағы жылғы көктемде 3100 гектар жерге 6,1 миллион түп ағаш көшеттері отырғызылды (4000 гектарға сексеуіл тұқымын (20 мың келі) себу күз айына жоспарланған).
– Облыста 2021 жылдың 01 қазанына қарағанда 315 жер қойнауын пайдалану обьектілері тіркелген.Лның ішінде барлау және өндіруге арналған келісімшарттар саны 191 (қатты пайдалы қазбаларға жасалғаны – 47, жерасты сулары – 3, газға – 1, жерасты газ сақтау кеңістігіне – 1, кең таралған пайдалы қазбаларға арналғаны – 139), лицензиялар саны – 110 (қатты пайдалы қазбаларға – 59, кең таралған пайдалы қазбаларға – 51), жол құрылысын салуға арналған жеңілдетілген рұқсат саны – 14.
Кең таралған пайдалы қазбалар бойынша берілген 51 лицензияның 38 лицензиясы және 14 жеңілдетілген рұқсат республикалық маңызы бар «Меркі-Шу-Бұрылбайтал» көлік жолын қайта жаңғыртуға қатысты жол салушы мердігерлерге берілді.Кен іздеушілікке арналған 6 лицензия берілді.Жер қойнауын пайдаланушылардың 2020 жылдың келісімшарт міндеттемелерінің орындалу қорытындысы бойынша жалпы инвестиция көлемі 73.7 миллиард теңгені құрады (82 пайыз), ал 2019 жылдың осы кезеңіндегі бұл көрсеткіш – 63.2 миллиард теңгені құраған, – дейді Жамбыл облысы әкімдігінің табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасының басшысы Мұратхан Шүкеев.