Атаулы әлеуметтік көмек алушылар азайды
Ағымдағы жылы облысымызда әлеуметтік төлем алатындардың саны бірнеше есеге азайған. 2021 жылы атаулы әлеуметтік көмекпен 62030адамды қамту үшін, барлығы 6,1 миллиард теңге қаржы қарастырылған. Республикалық бюджеттен 5 056,4 миллион теңге, жергілікті бюджеттен 1133,3 миллион теңге бөлінген.
Нәтижесінде жыл басынан атаулы әлеуметтік көмек алушылар саны 5 053 отбасы 24550 адамға төмендеп, белсенді АӘК алушылар 6 212 отбасы 32 174 адамды құрайды.
– ҚР Үкіметінің «Азаматтарды кепілдік берілген әлеуметтік топтамамен қамтамасыз ету шеңберінде тауарлар және көрсетілетін қызметтер сатып алынатын тұлғаларды айқындау туралы» 2021 жылы 29 қаңтарда қабылданған №25 Қаулысында облыс бойынша 30 жеткізушілер тіркелсе, бүгінгі күнге 8 тапсырыс берушілермен келісім шарттар жасалынған.
Қаңтар – тамыз айларының қорытындысымен 1 жастан 6 жасқа дейінгі 14 732 балалардың кепілдік берілген әлеуметтік топтамамен қамтамасыз етіліп 354,6 миллион теңге қаржы жұмсалды. Жыл басынан АӘК алушы отбасылардың 1 ден 6 жасқа дейінгі балалардың кепілдік берілген әлеуметтік топтаманы Әлеуметтік қызметтер порталы арқылы тапсырыс беру туралы пилоттық жобасы іске асырылуда. Бүгінгі барлығы 34 205 топтамаға тапсырыс берілген, жеткізушілер тарапынан тапсырыстың 16456 немесе 48,0 пайыз ӘҚП арқылы қабылданған.
Бұл бағытта жұмыстар тұрақты бақылауға алынған, жалғасын табады.
Премьер-Министрдің орынбасары Ералы Тоғжановтың 2020 жылғы 10 ақпандағы тапсырмасына сәйкес жергілікті бюджеттен АӘК төлеуге кемінде 20 пайыз мөлшерінде қоса қаржыландыруды қамтамасыз ету қажет.Республикалықбюджеттен бөлінген қаржыға нақтылауда 2,3 миллиард теңге (АӘК – 1,9 миллиард теңге, КӘТ-352,8 миллион теңге) қайтаруға 2021 жылы 15 қыркүйекте жолданған соманы есепке алатын болсақ, Байзақ, Қордай және Сарысу аудандарындаЖБ-тен20 пайызы қоса қаржыландыру орындалмайды деген қауіп туындап отыр, – дейді облыс әкімдігінің жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы Жорабек Баубеков.
2021 жылғы 1 шілдеден бастап бүгінге күнге ақпараттық жүйелердің деректері бойынша АӘК-ні тағайындауға келіп түскен өтініштердің саны барлығы 6 826 тіркелсе, оның 6686-ы немесе 97,9 пайызы «Электрондық үкімет» порталы арқылы түскен.
Еңбекке қабілетті атаулы әлеуметтік көмек (шартты ақшалай көмек) алушылардың жұмыспен қамтылғандардың және жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына тартылғандардың үлес салмағы жылдық жоспар 75,5 пайыз болса, орындалуы 75,0 пайызды құрап отыр. Басқарма басшысы жоспар жылдың соңына дейін көрсеткіш орындалатынын айтады.