Еңбегі зор еріктілер
Сарысу ауданында 14 пен 29 жас аралығындағы жастар саны 9 мың 545-ті құрайды. Бұл аудан халқының 21 пайызы. Ал Жаңатас қаласында жастардың саны 4 мың 869 болса, ауылдық округтерде 4 мың 676 жас бар.
Қазіргі таңда жастардың жұмыспен қамтудың белсенді шаралары көрсеткіш көңіл көншітерлік деңгейде. Осы жастардың ішінде 18-29 жас аралығындағы жастар саны – 6226. Ауданда тіркелген жұмыссыз жастар саны – 245. Бұл жастардың 3,9 пайызын көрсетіп отыр. Оның ішінде 206 ваканттық бос жұмыс орындары бойынша, «Жастар тәжірибесі» бағдарламасы арқылы 174, әлеуметтік жұмыс орындарына 12, ақылы қоғамдық жұмыс орындары -171 жас жіберілді.
Бүгінгі таңда, «Janatas jastary» мен «Біз Сарысуданбыз» атты волонтерлік қозғалысының ерікті жастары белсенді түрде жұмыстарын жүргізуде. Еріктілер апта сайын өтетін жәрменкеде «Тегін такси» атты қайырымдылық акциясын тұрақты түрде өткізіліп келеді. Ондағы басты мақсат қарт кісілеріміздің азық-түлік себеттерін үйлеріне дейін тегін жеткізіп беру. Сондай-ақ, «Ардагерлерді ардақтайық!», «Саулық», «Қамқор» бағыттар бойынша еріктілердің күшімен жыл басынан бері 157 іс-шара өткізіліпті.
Қасиетті Рамазан айында карантиндік талаптарды сақтай отырып, ауызашар дайындау және тарату жұмыстары жүргізіліп, «30 күнде 30 игі іс» атты ауызашар тарату жұмыстары жасалыпты. Жағдайы төмен 58 отбасыға тегін азық-түлік пакеттері таратылған екен.
Тәуелсіздіктің 30 жылдығына орай, «30 жылда 30 жоба» аясында бірқатар жұмыстар жасалды. Атап айтсақ, «Тәуелсіздік жылдарындағы батырлар» жобасы аясында ауданға еңбегі сіңген 5 адамнан сұхбат алынып, арнайы материалдар әзірленіпті. «Тәуелсіздік құрдастарының тартуы» жобасы барысында тәуелсіздік құрдастары 14 қайырымдылық акциясын өткізген көрінеді. Сондай-ақ, әлеуметтік желілерде түрлі форматтағы эскиздер дайындалып, олар жарияланған.
Жамбыл Жабаевтың 175 жылдығына орай, жастарға ақын өлендерін насихаттау мақсатында ақын өлеңдерін оқу онлайн байқауы ұйымдастырылыпты. Аудан көлемінде ауылдық округтерде Жамбыл Жабаевтың 175 жылдығына орай түрлі форматта іс-шаралар ұйымдастырған.
Елімізде орын алып жатқан пандемия кезінде аудан тұрғындарына вакцина салдыру ісін насихаттау мақсатында ерікті жастар тарапынан бірлескен 25 түсіндіру жұмыстары жасалыпты. Сондай-ақ, мобильді топтың ұйымдастыруымен аудандағы кафелер мен бірқатар кәсіптік мекемелер зерделеніп, 10 нан аса кәсіп иелеріне ауызша ескерту жасалған. Мобильді топ бүгінгі таңда рейдтік жұмыстар мен вакцинаны насихаттау жұмыстарын күнделікті жүргізіп келеді.