Қауіпсіз балалық шақ
Оқыс жағдай кезінде тууы мүмкін қайғылы оқиғаны елестету қиын. Балалардың денсаулығына титтей де бір қатер келуіне жол бермеу – тәрбиешілер мен Сарысу аудандық Төтенше жағдайлар бөлімінің қызметкерлерінің ең басты міндеттерінің бірі, олардың іс-әрекеттері ұдайы оқу-жаттығулар мен әңгіме-сұхбатдарда пысықталып жүр.
«ТЖБ – қауіпсіз балалық шақ үшін» науқаны шеңберінде Сарысу ауданы ТЖ бөлімінің қызметкерлері «Айгөлек» балабақшасында қауіпсіздік күнін өткізді. Шараның барысында мектепке дейінгі бүлдіршіндермен өрт қауіпсідігінің ережелері бойынша әңгіме-сұхбат өтті. ТЖБ қызметкерлері тәрбиешілермен бірге тұрмыстағы газ жабдығын, электр құралдарын, сонымен бірге компьютерлік техниканы пайдаланған кезінде өрт қауіпсідігінің ережелерін еске салып, жеке қауіпсіздік тақырыбы бойынша балаларға оқу фильмдер мен мультфильмдерді көрсетті.
Келер жазғы маусымда балалар қараусыз қалатынын ескере отырып, ауданның төтенше жағдайлар бөлімінің инженерлері отпен, сіріңкемен, оттық шақпақпен және басқа да жеңілтұтанғыш заттармен ойындар қандай жағдайларға әкеп соқтыратынын түсіндірді. Аяқ астынан кесапатқа тап болмау үшін балаларға бақшада және үйде тұтану ошағы туындаған кезінде жүріп-тұру ережелерін түсіндіріп, жедел қызметтердің телефон нөмірлерін айтты.
«ТЖ қызметкерлері профилактикалық жұмысқа ерекше көңіл бөлді, ол жұмыс қатердің алдын алуға бағытталған, сондықтан судағы қауіпсіздік туралы маусым басталмай тұрып жүргізіледі. Балаларға ерекше көңіл бөлінеді, себебі су апаты туса оларды қорғау қиын. Біз бүгін балаларға су айдындарындағы және жағалаудағы демалыстың негізгі ережелерін айтып түсіндірдік» деді «Айгөлек» балабақшасы ересектер тобының тәрбиешісі Шарпенова Гүлайым.