Аналар алғысқа бөленді

0 958

Бүгін аудан әкімдігінің мәжіліс залында Халықаралық әйелдер күніне орай салтанатты жиын болып өтті. Аудан әкімі Нұржан Календеров ауданымыздағы көпбалалы аналармен және әр салада қажырлы еңбек етіп жүрген нәзікжандылармен кездесті.
Кездесуді ашқан Нұржан Сәбитұлы кез келген мемлекетте әйел затының басты рөл атқаратынын, өйткені олар өскелең ұрпақты тәрбиелеу арқылы ел дамуына үлес қосатынын атап өтті. Сондай-ақ аудан басшысы қазіргі уақытта саясатта, медицина, білім салаларында іскер әйелдердің бой көрсетіп жүргенін де тілге тиек етті.
Мұнан кейін аудандағы көпбалалы аналарға «Алтын алқа» және «Күміс алқа» тағылып, гүлдер мен естелік сыйлықтар табыс етілді. Бұдан бөлек, Шу ауданындағы мекемелерде табанды әрі белсенді қызмет етіп жүрген әйелдер де назарсыз қалмады.
Мерекелік жиынның соңында Н.Календеров салтанатты шараға қатысқандарды тағы да Халықаралық әйелдер күнімен құттықтап, отбасыларына береке, дендеріне саулық, баянды бақыт тіледі.

Leave A Reply

Your email address will not be published.