Қоғам дертімен күрес – ортақ міндет

0 1 420

Сыбайлас жемқорлықпен күрес — дүниежүзінің мемлекеттері үшін өзекті, ортақ мәселе. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев  өзінің әрбір  Жолдауында  демократиялық қоғам жағдайында қылмыс пен сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес ерекше мәнге ие болатындығын айтып келеді.   Сондықтан да, бұл мемлекеттің осы жағымсыз құбылысты жою бағытындағы кешенді және жүйелі күрес жүргізу саясаты жанданып, әрі қарай жалғасын табады деп ойлаймын.

«Адамнан  «тәубе» жоғалған сәттен адамзаттың азапты сапары басталған»- дейді, бір сөзінде жазушы, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік сыйлығының лауреаты Алдан Смайыл.

Қолынан келсе қонышынан басатын, әсіресе, қаржылық институттардың құлағынан ұстаған тәубесіздердің әрекетінен қаншама мемлекет қаржысы қолды болуда. Олардың  атқарған кешенді істердің арқасында анықталып, мемлекетке қайтарылып жатқанына шүкіршілік дейсің.

Сонымен бірге, сыбайлас жемқорлықпен пәрменді күрес жүргізу үшін халықтың құқықтық сауаттылығын арттыратын, құқықтық түсіндіру, насихаттау жұмысының деңгейі мен сапасын жақсартудың маңызы зор. Халық өздерінің құқықтарын, сыбайлас жемқорлық әрекеттері көрініс берген жағдайда, қандай іс-қимыл жасау қажеттігін, нақты жолдарын жақсы білуі қажет.

«Қазаннан қақпақ кетсе, иттен ұят кетеді» — дейді халық сөзі. Бүгінгі таңда мемлекеттің сыбайлас жемқорлыққа қарсы функциясын тек қана құқық қорғау органдарының жұмысы тұрғысынан қарау дұрыс емес. Мемлекет басшысының бастамасы бойынша басталған әкімшілік және конституциялық реформаларды іске асыру ерекше маңызға ие болып отыр. Бұл әкімшілік реформалардың мәні мен мазмұны сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресті күшейтуге, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау жүйесін одан әрі нығайтуға міндеттейді.

Президент жанынан құрылған Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері жөніндегі комиссия- Елбасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясын іске асырудың маңызды құралдарының бірі болып табылады.Сонымен бірге, азаматтық қоғамның барлық институттарының күш-жігерін біріктіре отырып, осы індетті тоқтатудың халықаралық тәжірибесі мен барлық амалдарды қолдану арқылы ғана тиімді түрде қарсы тұруға болар.

Б.Аманбай,

Талас аудандық аумақтық инспекция басшысы

Leave A Reply

Your email address will not be published.