Ауруханадағы «ашық есік» күні

0 364

«Алғыс айту» күнінде Сарысу аудандық орталық ауруханасының емхана бөлімінде тұрғындарға «Денсаулық-зор байлық! » ашық есік күні ұйымдастырылды.
Тұрғындар дәрігерлер: терапевт А.Боханова, дерматолог А.Қалманбаева, педиатр А.Каликова, хирург Е.Садибеков, лор Қ.Саденова, окулист Т.Бекбулатованың қабылдауында болып, медициналық көмек алды.
Тұрғындардың өз денсаулығына жауапкершілігін арттыру және ауруды ерте сатыда анықтау мақсатында профилактикалық шаралар өткізілді.
Салауатты өмір салтын қалыптастыру кабинетінің мейірбикесі А.Машенованың , психолог Ж.Абдикееваның ұйымдастыруымен « Отбасын жоспарлау» денсаулық мектебінде болашақ аналар арасында «Жүректен- жүрекке» тренингі жүргізіліп, акция аясында тұрғындар мен медицина қызметкерлері бір-бірлеріне алғыс білдіріп, жылы лебіздерімен бөлісті.

Leave A Reply

Your email address will not be published.