Облыс әкімдігінде маңызды мәселелер қозғалды

0 260

Соңғы бір жарым жыл ішінде біздің өңірде жөндеуден өткен және салынған автожолдың ұзындығы 1 мың 700 шақырымды құрапты. Соның арқасында жағдайы қанағаттанарлық деңгейдегі жолдардың үлесі 80 пайыздан асқан. Бұл туралы облыс әкімдігінде аймақ басшысы Бердібек Сапарбаевтың төрағалығымен аудандар мен Тараз қаласы әкімдерінің, құқық қорғау органдары, облыстық департаменттер мен басқармалар, «ҚазАвтоЖол» ҰК АҚ басшыларының қатысуымен өткен жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселесі жөніндегі кеңесте айтылды.

– Ағымдағы жылдың 8 айында обыстағы жол-көлік оқиғаларынан 133 адамның өмірі қиылды. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 19 пайызға жоғары. 1000-нан астам адамның түрлі дене жарақаттарын алуы да ойланарлық жайт. Адамдардың өмірі және тағдырымен байланысты бұл көрсеткіштер бізді қатты алаңдатып отыр, – деді аймақ басшысы.

Аталған жол-көлік оқиғаларының 19 дерегінің орын лауы алкогольдік, есірткілік масаң күйде боайланысты, ал 44 дерек көлік құралдарын басқару құқығынан айырылғандар тарапынан орын алып отыр екен.

Биылғы 8 айдың өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда жол көлік оқиғаларының өсуі Тараз қаласында 25 пайызға

Қордай ауданында 87,2, Меркі ауданында 20, Талас ауданында 206, және Т.Рысқұлов ауданында 136 пайызға артыпты. Кейбір мемлекеттік орган басшылары облыс аудандарындағы аталған жағымсыз көрсеткіштің артуын «Батыс Еуропа — Батыс Қытай» автомагистралімен байланыстырып отыр. Бұл жолмен күн сайын 8 мыңнан астам көлік өтсе, оның 1 мыңнан астамы жүк көліктері екен. Десе де автокөліктер жиі жүретін жолдар мен қиылыстарда камералар орнатудың арқасында  жол көлік оқиғасының саны айтарлықтай төмендепті. Жиында балалардың жол-көлік оқиғалардан зардап шегу мәселесі де назардаг тыс қалмады. Осы жылдың 8 айында185 жол-көлік оқиғаларында 13 бала қаза тауып, 213-і жарақат алған көрінеді. аталған мерзім ішінде түрлі құқықбұзушылықтар жасаған 717 адам көлік жүргізу құқығынан айырылыпты.

Жиында облыстық полиция департаментінің басшысы Ж.Сүлейменов, Бас прокуратураның Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің облыстық басқармасы бастығы Д.Райымқұлов, «ҚазАвтоЖол» ҰК АҚ өкілдері баяндама жасап, өз ұсыныстарын жнткізді.

Жиын соңында Бердібек Сапарбаев жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша жауаптыларға арнайы тапсырма берді. сонымен қатар арнайы тұрақ орындарын, жолайрықтарды, бұрылыстар салу, «жылдамдық өлшегіштерді», жаяу жүргіншілер жолақтарын, қажетті жол белгілерін орнату бойынша талдау жүргізу және жұмыстарды жеделдету тапсырылды.

Leave A Reply

Your email address will not be published.