Жамбылда жемқорлыққа жол жоқ

0 278

Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің облыс бойынша департаменті мемлекет пен қоғам өмірінің түрлі салаларында сыбайлас жемқорлықты тудыратын себептер мен жағдайларды жоюға бағытталған превентивтік сипаттағы кешенді шараларды жүзеге асыруда.

Департ басшысының бірінші орынбасары Равиль Төлебаевтың ағымдағы жылдың 8 айында департаментпен 6 сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторинг жүргізіліп, олардың нәтижесі бойынша сыбайлас жемқорлық тәуекелдерді жою бойынша 13 ұсыныс беріліпті. Мониторингпен жер бөлу және оның игерілу мәселесі, әлеуметтік саладағы жәрдемақылар, пандемияға байланысты мәселелер қамтылған. Сонымен қатар департамент, мемлекеттік сатып алу жүйесіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерді анықтау мақсатында Атамекен Ұлттық кәсіпкерлер палатасымен бірлесіп тым жоғары баға қою фактілерінің орын алуына мониторинг жүргізуде. Мониторинг нәтижесіде енгізілген ұсыныстар бойынша мемлекеттік органдармен мемлекеттік сатып алу жоспары қайта қаралып бүгінгі күнге 1 миллиард теңгеден аса бюджет қаражаты үнемделіпті.

Мысалы, Тараз қаласының білім бөлімі 1 дана компьютер бағасы 380,0 мың теңге деп жоспарласа, тура сол көрсеткіштегі компьютердің нарықтағы бағасы 280-300 теңгені құрайтыны белгілі болған. Департаменттің ұсынысымен, нарықтық баға негізінде оның соммасы қайта қаралып жалпы 16,0 миллионтеңге үнемделген.

– Сол сияқты жоспарлау барысында Жамбыл облысы әкімдігінің цифрлық технологиялар басқармасы 1 дана батарея құнын 901,0 теңге деп көрсетіп, барлығы 9 миллион 17 мың теңгеге 10 дана батарея сатып алмақшы болған. Департаменттен жіберілген ұсыныс хаттың арқасында бағалар қайта қаралып, 9 миллион 14 мың теңге үнемделген болатын.

Онымен қоса, есептік кезенде 7 мемлекеттік органдардың, оларға қарасты мекемелердің сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне сыртқы талдау жүргізіліп, оның қорытындылары бойынша 104 ұсыныс енгізілді. Мониторинг және сыртқы талдау нәтижесінде анықталған 24 миллион теңгеге заңсыз төлемдер анықталып, оның 4,9 миллион теңгесі бюджетке кері қайтарылылды.

Сонымен қатар, сыбайлас жемқорлық тәуекелдері бар 2 нормативтік құқықтық актіге, атап айтқанда, денсаулық сақтау саласындағы мемлекеттік сатып алудың ашықтығы және осы саладағы қызметкерлерге жәрдемақы төлеу бағытындағы заңнамалық ақтілерге өзгерістер енгізілді.Қазіргі таңда, ветеринария, табиғи монополия, денсаулық сақтау, енбек қатынастары саласындағы заңнамаға өзгерістер бойынша енгізілген 23 ұсыныс қаралуда.

Сонымен қатар, қылмысты алдын алудың бірден бір бағыты бұл әкімшілік тәжирибені қолдану болып табылады. Осылайша, департаментпен 9 хаттама толтырылып, (676 – 5 дерек сыйлық ұсынғаны үшін, 681 – 4 жағдайда сыбайлас жемқорлық қылмыс жасаған адамдарды жұмысқа қабылдау)жалпы 2,0 миллионтеңгеден аса айыппұл салынып, толығымен өндірілді,–дейді Равиль Қуанышбайұлы.

Сондай-ақ, кәсіпкерлердің құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау мақсатында «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасымен бірлесе «Protecting Business and Investments» жобасы аясында 46 инвестормен (инвестиция сомасы 530 миллиард теңгеден) сыбайлас жемқорлыққа қарсы сүйемелдеу келісімге отырып, өңірлік кәсіпкерлер палатасымен бірлесе 29 кәсіпкердің заңды құқықтары қорғалыпты.

Leave A Reply

Your email address will not be published.