Басты мақсат – бағаны негізсіз өсірмеу

0 303

Үстіміздегі жылдың қаңтар-тамыз айларында Тараз қаласында инфляция деңгейі 5,9 пайызды құрапты. Оның ішінде азық-түлік тауарлары – 7,1 пайызға, азық-түлік емес тауарлар – 4,9, ақылы қызметтер тарифі – 5,5 пайызға өскен.

Инфляция деңгейін тұрақтандыру аясында қалада әлеуметтік маңызы бар 19 азық-түлік тауарлары бағаларының негізсіз өсуіне жол бермеу мақсатында облыстық ауылшаруашылық басқармасы секелді маңызды мекеме қызметкерлері мен қоғамдық кеңес мүшелерінен, қалалық мәслихат депутаттарынан жасақталған 4 жұмысшы топ құрылып, қызмет атқарып жатса керек.

Ағымдағы жылдың 8 айының қорытындысы бойынша әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бекітілген шекті мәні қаладағы «Smart», «Дәмді себет» дүкендері мен «Фиркан», «Империя», «Атыгаева», «Байлық», сынды жеке кәсіпкерлгі, «Шосабирова» және «Aksarai Export» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі тектес ірі сауда дүкендері басшыларының назарына жеткізіліп, бағаны өсірмеу бойынша 8 меморандумға қол қойылды.

Бұдан бөлек, қаланың «Smart», «Дәмді себет», «Дәмдес», «Алма», «Сафият», «Фиркан» және «Нұрислам» ірі сауда дүкендерінде әлеуметтік бұрыштар ашылып, тұрақтандыру қорынан азық-түлік тауарлары жеткізіліп, нарық бағасынан төмен сатылып жатыр екен.

Жалпы қала аумағында 6 әлеуметтік павильондар жұмыс істесе, облыс әкімінің 15 әлеуметтік павильондар ашу туралы тапсырмасына сәйкес 100 шаршы метрді құрайтын 9 және 200 шаршы метрді құрайтын 1 павильон ашылды. Атап айтқанда, бұл нысандар Абай көшесі №157, «Қарасу» мөлтек ауданы №18 үй маңы, «Бәйтерек» мөлтек ауданы №18 үй маңы, 15-ші мөлтек ауданда №21-23 және  №31,33 үйлердің маңы, «Төңкеріс» алқабы №8 үй маңы, «Қант зауыты» алқабы, «Аса» мөлтек ауданы №40 үй маңы. Байзақ батыр көшесі №55 мектептің маңы, «Шалғай-Қарасу» тұрғын алқабы А.Байтұрсынов көшесі №28 және «Шөлдала» тұрғын алқабы мекенжайларында ашылған.

Сондай-ақ, халық тығыз орналасқан шағын аудандарда Қарасу шағын ауданы №5 үйдің алдында, Талас шағын ауданы №3 үйдің алдында, Рысбек батыр және Рахимов көшелерінің қиылысындағы жатақхананың жанында, Байзақ батыр көшесі №170 үйдің алдында, Асқаров көшесі №278 қасбет, Төле би көшесі №7 және №3 үйлердің арасында, Тобыл көшесі бойындағы Родничок массиві бойынша 7 жер телімі анықталып, «Тараз әлеуметтік кәсіпкерлік корпорациясы» акционерлік қоғамына әлеуметтік дүңгіршектер салу туралы ұсыныс беріліпті.

Leave A Reply

Your email address will not be published.