Жылыту маусымы жоспарға сай өтуі қажет
Жылыту маусымына дайындық – жыл сайын келетін маңызды маусымның негізгі шарасы. Осыған орай, облыс әкімі Бердібек Сапарбаевтың төрағалығымен өткен кезекті аппаратық кеңесте әлеуметтік нысандардың жылыту маусымына дайындығы мәселесі қаралды.
Облыс әкімдігінің энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының басшысы Құдайберген Қорғанбаевтфң айтуы бойынша, жылыту маусымына дайындық іс-шаралар жоспары кестеге сәйкес атқарылып, облыстық штабтың тұрақты бақылауына алынған. Нысандардың дайындық барысын зерделеу мақсатында штабтың мүшелерімен 2 жұмыс тобы құрылған.
— Тараз қаласы мен аудан әкімдерінің қаулысымен Жылыту маусымына дайындық жұмыстарын ұйымдастыру және бақылау үшін жергілікті штаб құрылған. Жауапты және штаб төрағасы ретінде аудан әкімдерінің салалық орынбасарлары бекітілген.
Бүгінгі күнге облыс бойынша 340 шақырым жылу желілері, 5 700 шақырым газ желілері, 13 400 шақырым электр желілері мен 5 300 шақырым ауыз су желілерінде дайындық жұмыстары толық аяқталды. Жалпы 387 денсаулық сақтау және 466 мәдениет саласы нысандары жылыту маусымына дайын, ал 782 білім нысанының 5-де күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілуде,- деді Қ. Қорғанбаев.

Ал, облыстағы 444 автономды қазандықтың дайындығы 98 пайыз құрайды десек, қалған 2 пайыз бойынша жылу қазандықтарын табиғи газға ауыстыру жұмыстары жүргізілуде екен.
— Қаржы қарастыру кезінде былтырғы кемшіліктер ескерілу керек. Әсіресе, бұл отынның сапасы мен бағасына қатысты. Әлеуметтік нысандар толығымен дайын болуы тиіс. Қажетті қатты отынның қорын қалыптастырыңыздар. Көпқабатты үйлер де барынша дайын болуы керек. Мектептердің бу қазандықтарын толығымен ауданның меншігіне өткізуді, газға ауыстыруды тездетіңіздер. Дебиторлық қарыздарды өтеу бойынша да тиісті шаралар қабылдаңыздар. Бұл мәселелерді апта сайын саралап отырыңыздар. 10 қазанға дейін жылыту маусымына 100 пайыз дайындықты қамтамасыз етуді тапсырамын,- деп түйіндеді облыс әкімі.