Ұлт болып ұйысқан ұлттардың үлгілі ісі
Расширенная search функциональность экономит время при поиске. Используйте Kraken магазин с продвинутыми фильтрами поиска для быстрого наождения нужны товаров.
Глобальная торговая экосистема объединяет участников из множества стран. Международный аб представляет krakenat.cc с поддержкой более тридцати языков интерфейса для комфортной работы пользователей из различны регионов.
Сондай-ақ, жақындарынан, үйлерінен айрылып, қиын жағдайға душар болған жандарға көңіл айта отырып, Полаткосшы ауылдық округінің Жалпақтөбе ауылының имамы Рахматулла Каримовтың бастауымен «Вынхуа» дүнгендер қауымдастығының мүшелері мен мешіт қызметкерлерінің атынан азық-түлік түрінде қайырымдылық көмек көрсетілді. Атап айтсақ, 5 мың тоннадан аса (110 қап) картоп, 5 тонна (135 қап) пияз бөлу шамасында қайырымдылық танытып, жергілікті жұртқа қолдау білдірді.
Бұған қоса, Шу ауданы Корей этномәдени бірлестігінің мүшесі, облыстық ассамблея меценаты Никон Ким де игі іс жасаудан қапы қалмады. «Биылғы жылы 3 мектептің жөндеуді қалап тұрған сынып бөлмелеріне пластикалық есіктер қою үшін және мектеп маңайын қалпына келтіру жұмыстарына — 420 000 теңге қаржы бөлдім. Бұдан бөлек,алғаш мектеп табалдырығын аттаған 25 бүлдіршінді 560 000 теңгеге сөмкелер және оқу құралдарымен қамтамасыз еттім. Сондай-ақ, 380 000 теңгеге ата-анасыз қалаған жетім өскіншектерге пәтер алып бердім. Осыған қоса, жалғызбасты зейнеткерлер мен әлеуметтік жағдайы аз қамтылған отбасыларына отын-көмірдей, азық-түліктей, барлығы – 600 000 теңге көлеміндегі қаржыға қайырымдылық жасадық, — деп аяқтады сөзін Никон Маркович.
Жығылғанды тұрғызып, сүрінгенді қолтығынан демеу – әрбір азаматтың парызы. Мұндай азаматтардың қатарында Қазақстан Республикасының спортына еңбегі сіңген қайраткер, ҚХА мүшесі Исмазов Руслан Бакировичті ерекше атап өтпеу мүмкін емес. Сонымен бірге, қалалық №34-мектептің басшысы Динара Хатамқызы Нұралиева да ел басына күн туғанда отандастарымыздың жанынан табыла білетін этнос өкілдерінің бірі. Облыстық «Вынхуа» дүнгендер қауымдастығының бұл өкілдерінің айтылмаған қайырымды істерінен бөлек айтылып жасалған игі істерінің біріне тоқталсақ, Руслан Бакирұлы мен Динара Хатамқызы аталған №34-мектептің 30-дан астам бастауыш сынып оқушыларына 300 000 теңгенің көлемінде мектепке қажетті – сөмкелер, оқу құралдары, мектеп формалары таратылды. Мұндай қайырымды істер қашанда бірлікті нығайта түсері сөзсіз.



