Үлгілі отбасылар өнегесі
Ш.Уәлиханов атындағы Жамбыл облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы қыркүйек айының екінші жексенбісінде аталып өтетін Отбасы күніне орай «Отбасының бақыты — жарасымдылық» Тәлім trend кешін ұйымдастырды.
«Рухани жаңғыру» бағдарламасының аясында ұйымдастырылған Тәлім trend кешіне «Отбасылық династия», «Өнерлі отбасы», «Мейірімді отбасы», «Жас отбасы» номинациялар бойынша отбасылар қатысты.
Мысалы, «Отбасылық династия» номинациясы бойынша көп жыл мәдениет саласында жұбайымен бірге еңбек еткен, Мәдениет саласының үздігі, еңбек ардагері Есен Рымқұлов, жұбайы кітапхана саласында еңбек еткен, жас кітапханашыларға үлгі бола білген Күлән Қалдыбекова және бүгін де кітапхана саласында қызмет етіп келе жатқан ізбасарлары, үлкен келіні, Зәуре Байжігіт;
«Өнерлі отбасы» номинациясы бойынша Жамбыл облысына танымал, Талас ауданының тумалары, өмірде де, өнерде де жұптары жарасқан Ербол Қамбатыров пен ақын-сазгер, Қазақстан Жазушылар және Журналистер Одағының мүшесі, Қазақстан Республикасының беру ісінің үздігі, Қазақстан Республикасының Мәдениет саласының үздігі Үміт Битенова;
«Мейірімді отбасы» номинациясы бойынша Мейірімді отбасы, бір үйдің 4 баласын қамқорлығына алып, бауырына басқан көпбалалы ана, «Құрмет» орденінің иегері, Жамбыл облыстық полиция департаментінің әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғау бөлімшесінің аға инспекторы, полиция подполковнигі, Диляфруз Кинжеханова;
«Жас отбасы» номинациясы бойынша бүгінгі күні Жамбыл облысы Ш.Уәлиханов атындағы ғылыми әмбебап кітапханасында қызмет атқарып келе жатқан жас отбасы Өркенжан Лукман мен Мөлдір Оразәлиева қатысып, отбасы тәрбиесіндегі өзіне тән жарасымдылық, ерлі-зайыптылар арасындағы берік байланыс, отбасын бақытқа жетелейтін құндылықтар, саналы ұрпақ тәрбиелеу, т.б. өзекті тақырыптарға тоқталып өтті.
Сондай-ақ, әр номинация бойынша шақыртылған қонақтар отбасындағы ұстанымдары туралы ой бөлісіп, пікір алмасты.
Іс-шараға арнайы қатысқан белгілі актриса, мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Нұрсифат Салықова жастарға бата берсе, №12 Керімбай атындағы мектеп-гимназиясының педагог-психологы Мөлдір Болатбайқызы қатысушылардың сұқбаттарын саралай отырып, отбасының қоғамдағы рөлі, жас отбасының іргесін берік етуге негізделген пайымды сараптамасын ортаға салды. Одан әрі қонақтар әсем әннен әуелетіп, көрермендерге керемет көңіл-күй сыйлады.