Кезекті комиссия отырысы өтті
Сарысу ауданы әкімдігінің жанындағы кәмелетке толмағандардың ісі және олардың құқығын қорғау жөніндегі кезекті комиссия отырысы өтті.
Комиссия отырысында медициналық-әлеуметтік есепке алынған жасөспірімдермен атқарылған жұмыстар туралы аудандық полиция бөлімі, білім бөлімі және колледж директорлары есептерін берді.
Жалпы, ауданда қазіргі таңда 7 кәмелетке толмаған 3 санат бойынша медициналық-әлеуметтік есепке алынған.
Комиссия мүшелері өз кезегінде құзырлы мемлекеттік органдарға есептегі әр баланың әлеуметтік-тұрмыстық жағдайларын оңалту, қосымша қоғамдық жұмыстарға белсенді қатыстыру бойынша тиісті тапсырмалар берді.