Қазақстанда КЕҰ арасында гранттар байқауына өтінім беруге екі аптадан аз уақыт қалды
Қазақстанда «Әрекет» гранттар байқауы жарияланды. Байқауға қатысуға елдегі әлеуметтік кәсіпкерлікті дамытуға ниет білдірген барлық КЕҰ шақырылды. Қатысушылар білім беру бағдарламасын өту мүмкіндігі үшін бәсекеге түсіп, нәтижесінде үш миллион теңгеге дейін грант ала алады.
Өтінімдерді қабылдау 2021 жылдың 17 қыркүйегіне дейін жалғасады.
Жоба «Самұрық-Қазына» АҚ компаниялар тобының атынан «Samruk-Kazyna Trust» әлеуметтік жобаларды дамыту қорының бастамасымен бүкіл ел аумағында жүзеге асырылуда.
Өтінімді Қордың сайтында қалдыруға болады:
www.sk-trust.kz/ru/competition
Байқау қалай өтеді?
Бірінші кезең: тілек білдірушілердің өтінімдері жиналады, содан кейін комиссия олардың байқау шарттарына сәйкестігін тексереді.
Екінші кезең: қатысушылар әлеуметтік кәсіпкерлік, маркетинг, қаржы және бизнестің заңдық аспектілері саласында «Инкубатор» немесе «Акселератор» оқыту бағдарламаларының бірінен өтеді. Оқыту онлайн өтеді. Екінші кезеңнің қорытындысы бойынша финалистер анықталып, олар өздерінің әлеуметтік жобаларын конкурстық комиссияға ұсынатын болады.
Жоба жеңімпаздары желтоқсан айында жарияланады.
Естеріңізге сала кетейік, «Әрекет» жобасы жүзеге асырыла бастаған сәттен бастап үш жыл ішінде 120-дан астам ұйым жарты миллионнан үш миллион теңгеге дейін грантқа ие болды. Жоба көмегімен көптеген КЕҰ өзін-өзі өтеуге шықты және әлеуметтік мәселелерді шешуге атсалысты.
Сұрақтар туындаған жағдайда, коммерциялық емес ұйымдар мына телефондар арқылы: +7 705 376 40 00 (тек WhatsАpp жазбаша хабарлама арқылы, сұрақтарға жауаптар Нұр-сұлтан қ. уақыты бойынша жұмыс күндері 10:00-ден 18:30-ға дейін жіберіледі) немесе areket.skt@gmail.com электрондық пошта арқылы байланыса алады.