Қайырымды істер марафоны басталды

0 339

Қайырымдылық — халқымыздың ең ізгі қасиеттерінің бірі. Адам өміріндегі ең игі істерінің бірі — мұқтаж жандарға қамқорлық жасау. Адамдар бір-біріне қайырымдылық, мейірімділік таныту арқылы жақсылық жасайды.

Қайырымдылық – мұқтаж жан­дарға көрсетілер нақты көмек, ізгіліктің анық көрінісі, адамның асыл қасиеті. Кісінің айнала­сын­дағы адамдарға танылатын тамаша қыры да қаншалықты қайырымды екендігінен байқалады.

Ауданымызда төтенше жағдайға байланысты жарияланған «Біз біргеміз» акциясы халық арасында үлкен қолдауға ие болып, түрлі қайырымдылық шаралары орын алды.

«Қайырымдылық жасасаң, қайырын өзің көресің» демекші Сарысу ауданының әкімі Б.Жақсылықовпен бекітілген «1 наурыз — Алғыс айту күні» мерекесіне арналған аудандық іс-шаралар жоспарына сәйкес бүгін игі шара жалғасын тапты.

Аудандық этномәдени орталықтармен бірлесе отырып «Қайырымды істер марафоны» жалпыұлттық жобасы аясында аз қамтылған отбасылары мен жалғыз басты қарттарға азық-түлік себеттері таратылды.

Дариха Үмбетиярова,

Сарысу ауданы

Leave A Reply

Your email address will not be published.