Түлектер ауылына екі бірдей арка салып берді

0 296

л Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай ауданымызда көптеген игі іс атқарылуда. Соның бірі жеке кәсіпкер Бекберген Телеубаев Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласындағы «Туған жер» бағдарламасының «Туған жерге туыңды тік» жобасы аясында Жамбыл ауылдық округіне қарасты Шәкен Ниязбеков ауылының (бұрынғы Бесжылдық) кіреберісіне еңселі арка орнатып, мерекеге тарту жасады.

Арканың ашылу салтанатына жиналған ауыл тұрғындары кәсіпкерге ауылға осындай сән беріп тұрған арканы соғып бергені үшін алғыс айтып, иығына шапан жапты.
Игілікті іске ақ батасын берген қариялар кермені қиып, құттықтау сөздерін айтты.
– Шәкен Оңласынұлы Ниязбеков Жамбыл өңірінде дүниеге келген. Суретші, Қазақстан Мемлекеттік Туының авторы. Мемлекеттік Ту Тәуелсіз еліміздің ең қасиетті де қастерлі атрибутына айналды. Бүгінгі жұрт Шәкен ағаны мәңгі жадында сақтап, құрметтейді, – деді ауыл қариясы Жексен Телеубаев.


Арканың ашылу салтанатында сөз алған Жамбыл ауылдық округінің әкімі Бақыт Садырбаев кәсіпкер Бекберген Сейдахашұлының игі ісіне ризашылығын айтып, жұмысына табыс тіледі.
Шараға аудан әкімдігі ішкі саясат бөлімінің басшысы Мадияр Сәмбетов қатысты.

Айта кетерлігі «Жомарт түлек» жобасы аясында салынға бұл арка Ш.Ниязбеков ауылындағы екінші арка. Өткен жолы 1984 жылдары туылған азаматтар кіреберіске арка орнатқан болатын.

Мақсат ЖҰМАБАЕВ

Leave A Reply

Your email address will not be published.