Ұжымдық иммунитет қана індетпен күресуге көмектеседі

0 178

Тараз қаласы аумағында  этномәдени бірлестіктердің басшылары қала тұрғындарымен кездесті. Кездесу барысында карантиндік шектеу шаралараның ұстану мен вакцина қабылдаудың маңыздылығы туралы айтылды.

Вакцинациялау қажеттілігі туралы түсіндіру жұмыстарына қала әкімінің орынбасарлары А.Садубаев және Д. Әбілқайыров та қатысты.

«Ұжымдық иммунитет қана індетпен күресуге көмектеседі. Сондықтан екпе қабылдауымыз керек. Бүгінде қаланың барлық емханаларында тегін вакцинация ұйымдастырылуда»- деп, қала әкімінің орынбасарлары А. Садубаев тұрғындарды екпе алуға шақырды.

Ал Д. Әбілқайыров қалада 14 екпе егу пункті жұмыс істейтіндігі атап өтіп, бүгінгі күнге тараздықтардың 61,1% қауіпті індетке қарсы вакцина алғандығын айтты. Сондай-қа, вакцинаның маңыздылығымен тиімділігі туралы да айтып өтті.

Ақпараттық түсіндіру жұмысатары барысында дүнген, орыс, украин, өзбек, ұйғыр және тәжік этномәдени бірлестіктерінің жетекшілері де вакцинациялаудың қоғам үшін маңыздылығына тоқталды.

Түсіндіру жұмысының соңында «Тараз қаласының өзбек орталығы» қоғамдық бірлестігінің басшысы А.Зайнутдинов және өзбек диаспорасының өкілдері екпе алды.

«Бүгінде екпені кез-келген емханада алуға болады. Сондай-ақ, қалада ірі вакцинация орталықтары да ашылған. Біздің екпені еш кедергісіз алуымызға барлық жағдай жасалуда. Сондықтан мүмкіндігімізді пайдалануымыз керек», — деп атап өтті А. Зайнутдинов.

Leave A Reply

Your email address will not be published.