Жергілікті өнім өндірушілерді қолдау маңызды

0 595

Жамбыл облысының әкімі Бердібек Сапарбаевтың төрағалығымен өткен кеңесте мемлекеттік сатып алу, құрылыс-монтаж жұмыстарындағы жергілікті қамту үлесін арттыру мәселелері талқыланды.

Жиында өңірлік кәсіпкерлер палатасының директоры Еркін Атымтаев баяндама жасады. Оның  айтуынша, ағымдағы жылдың 7 айының қорытындысына сәйкес «Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламасының 8 бағыты бойынша мемлекеттік сатып алулардағы жергілікті қамтудың үлесі 42,2 пайызды, құрылыс-монтаждау жұмыстарында — 81,1 пайызды, «Жұмыспен қамтудың жол картасы» бағдарламасы бойынша — 75 пайызды құраған.

Кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық дамыту басқармасының басшысы Аспандияр Сейсебаев бұл орайда Қордай, Сарысу, Байзақ, Мойынқұм, Т.Рысқұлов аудандары мен бірқатар басқармалардың жұмысының әлсіздігін атап өтті.

Облыс әкімі басқарма басшыларының, аудан әкімдерінің есептерін тыңдап, мемлекеттік сатып алулардағы қазақстандық қамту үлесін тұрақты түрде бақылауда ұстауды тапсырды.

— СТ-КЗ сертификаты жоқ жеткізушілермен жұмыс істеу жергілікті қамту үлесінің төмендеуіне алып келеді. Бағдарлама әкімшілері мұны ескеруі керек. Сондай — ақ, жергілікті қамту туралы есептердің дұрыс толтырылуын бақылау қажет, — деп атап өтті Е. Атымтаев.

Басқармалар, аудандар мен Тараз қаласының әкімдіктеріне жұмысты үйлестіру және мемлекеттік сатып алу бойынша ақпаратты уақтылы ұсыну жөнінде бірқатар міндеттер жүктелді.

— Бұл мәселеге барынша жауапкершілікпен қараңыздар. Жергілікті қамтудың үлесін арттыру үшін жүйелі жұмыс жүргізу қажет. Мердігерлер жергілікті жерде өндірілген тауарларды пайдалануы тиіс. Айталық, салынған жаңа мектептерге отандық парталар мен орындықтарды алыңыздар. Аудандар мен Тараз қаласының әкімдері, басқарма басшылары барлық мемлекеттік сатып алулардағы жергілікті қамтудың үлесін бақылауда ұстауы тиіс. Олай болмаған жағдайда, оларды жауапкершілікке тарту туралы мәселесі қаралады, — деп  түйіндеді Бердібек Сапарбаев.

Leave A Reply

Your email address will not be published.