Халыққа қызмет көрсету орталығы – партия бақылауында

0 253

«Nur Otan» партиясы облыстық филиалы жанындағы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі қоғамдық кеңес және Партиялық бақылаукомиссиясының мүшелері облыс орталығындағы  мамандандырылған Халыққа қызмет көрсету орталығының жұмысына рейд жүргізді.

Мақсат – Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын-алу және оны болдырмау бағытында жүргізіліп жатқан жұмыстарды зерделеу.

Халыққа қызмет көрсету орталығында қашанда халықтың қарасы көп. Бірі көлік нөмірін тіркеуге келсе, бірі көлік жүргізу куәлігі үшін әлек.Орталықтағылардың айтуынша қазір кезек күту уақыты 20 минуттан және қызмет алу ұзақтығы бір сағаттан аспайды. Жүргізілген жұмыстардың сапасы мен уақытын арнайы аппарат белгілеп отырады. «Бұл жемқорлық тәуекелдерін жоюдын бірден-бір жолы»,- дейді мамандар.

Рейд барысында орталық мамандары жұмыстың реттілігін көрсетіп, ұсынылатын қызметтермен таныстырды.Бұдан соң комиссия мүшелері «Алатау» мөлтек ауданындағы «Азаматтарға арналған үкімет» мекемесінің жұмысына зерделеу жүргізді.

Іс-шара соңында кеңес мүшелері сыбайлас жемқорлыққа қарсы жұмыстарды одан әрі жалғастыру және құзырлы органдармен бірлесе отырып жұмыстарыды жандандыру бойынша бірқатар ұсыныстар берді.

Leave A Reply

Your email address will not be published.